Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кіндік шешесі Қарақаттың қызына 1 миллион теңге сыйлаған

Төрт ұлдан кейін, көптен күткен Аяласын бауырына басқан Қарақат Әбілдина жуырда дүркіретіп той жасаған еді. Қыдырәлі Болмановтың келіншегі ұлының сүндет тойы мен кенжесі Аяланың тұсаукесеріне ұзақ уақыт дайындалған, деп жазады Stan.kz.

Кіндік шешесі Қарақаттың қызына 1 миллион теңге сыйлаған

Мейрамхананың безендірілуі, қонақтардың киімі, оларға берілетін сый – ештеңеге де Қарақаттың назарынан тыс қалмаған.

Бұл орайда меймандар тойдың расымен де ерекше өткенін айтып жатыр. Мәселен, Алтынай Жорабаева: “Қыдырәлі мен Қарақаттың әркез ерекше нәрсеге құмар екенін білемін. Ерекше нәрсе күттім. Бірақ бұл мен күткеннен де асып түсті”, – деп пікір білдірді “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында.

Иә, той иелерімен қатар, бұл күнге қонақтар да тыңғылықты дайындалған. Қазақы стильдегі қызыл түсті көйлектерін киіп, долларға толы конверттерін қолтықтай келген.

“Той беріп жатқаннан кейін ақшалай сыйлықты жақсы көреміз, сол себепті ақшалай беремін. Кіндік анасының өзі миллион теңге беріп жатқанын білеміз. Біз енді аралас-құралас, дос болғаннан кейін шамамыз келгенше сыйлық сыйлаймыз”, – дейді Индира Расылхан “Ел аузында” бағдарламасында.

Тағы оқыңыз: 

Нұрболат Абдуллин Алматыда концерт беру үшін үш бөлмелі пәтерден бас тартты

Сенің үстіңде “зың” болады: Гүлнұр Оразымбетоваға көйлек сыйлаған Қарақат сынға ұшырады (видео)

Қыдекеңе сыйлықтың “көкесін” жасадым: Қарақат жарының туған күніне ерекше құттықтау жолдады (фото)

Ерке Есмахан: 30-дан асып, бұрын тұрмыста болып та ханзадаға тұрмысқа шығуға болады екен

Талқылау