Қырымбек Көшербаев Илья Ильинді туған күнімен құттықтады

Сейсенбі, 24 Мамыр , 2016 21:08

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев екі дүркін Олимпиада және төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильинді жаттығу залына барып, туған күнімен құттықтады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

vdsc

Аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы Ильяға жылы лебізін жеткізіп, сый-сияпатын көрсетті. Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға дайындығын сұрап, жеңіске жетуіне тілектес екенін айтты.

«Илья, мен сені бүкіл Сыр жұртшылығының атынан туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын. Біз сенімен, сенің жетістіктеріңмен мақтанамыз. Алдағы уақытта да сенен тек жеңіс күтеміз. Саған әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

svsv

«Менің қуанышымды бөлісіп, арнайы жаттығу залына келгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Қазір біз қызу жаттығу үстіндеміз. Әр жарыстың алдында мен өзімнің туған жерім Қызылордаға келіп, осы залда жаттығу жасаймын. Ең алғаш үлкен спортқа қадам жасаған жерім болғандықтан, бұл мен үшін өте маңызды. Мен төрт жылдықтың басты бәсекесінде жеңіске жетіп, көк туымызды желбіретуге уәде беремін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар