Қырғызстандағы президент сайлауының алғашқы нәтижелері белгілі болды
Қырғыз Республикасында өтіп жатқан президент сайлауының алғашқы қорытындылары белгілі болды.
Бұл туралы Sputnik Кыргызстан хабарлайды.
Дауыс санына сай Орталық сайлау комиссиясының сағат 20:15-тегі қорытындысы бойынша Сооронбай Жээнбеков үшін 52,77 пайыз дауыс берілген. Орталық сайлау комиссиясына автоматтандырылған дауыс санау құрылғысынан түсіп жатқан ақпарат бойынша нәтиже жаңартылып отырады.
Екінші қатарда – кандидат Өмурбек Бабанов. Оны 35,62 сайлаушы қолдаған. Үшінші орында Адахан Мадумаров. Ол 6,54 пайыз, ал төртінші орындағы Темір Сариев 2,82 пайыз дауыс жинаған.
Алтыншы орында Ұлықбек Қошқоров, жетінші орында Таалатбек Масадықов, сегізінші орында Әзімбек Бекназаров, ал тоғызыншы қатарда Арстанбек Абдылдаев, оныншы Арсланбек Малиев, он бірінші орында Эрнис Зарлықов, ал соңғы орында Тоқтайым Үметалиева.
Бұл көрсеткіштер сайлаудың ресми нәтижесі болып есептелмейді. Дауыс беру таңғы 8:00-де басталған. Ел бойынша 2 375, ал Бішкекте 234 сайлау учаскелері жұмыс істеді. Қоғамдық қауіпсіздікті 9 384 милиция күзетіп тұр.
Мемлекеттің барлық сайлау учаскелері 20:00-де өз жұмысын аяқтады. Енді Орталық сайлау комиссиясының қызметкерлері дауыстарды санап, мемлекеттің президенті кім болатынын анықтайды.
Жіберіп алмаңыз:
NASA: Қазақстан мен Ресей аумағына екі қауіпті метеорит құлауы мүмкін
Атамбаев сайлаудан кейін немен айналысатынын айтты
Өмірбек Бабанов Қазақстаннан үлгі алатынын айтты
Ер адам көп “лайк” жинау үшін басын гипспен қатырып тастады (видео)

Қоғам белсендісі Алматы көшелеріне төселген брусчатканың жеке қолға сатылып жатқанын әшкереледі: Алайда әкімдік олардың мұқтаж отбасыға берілгенін айтып отыр
