Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда қар барысын атып алған аңшы ұсталды

Қырғызстанның Ыстықкөл облысында қар барысын атып алған аңшы ұсталды.  Ол аңшылар Кеңесінің мүшесі болып шықты.

1021659741

Бұл туралы Ақ суу аудандық ІІД басшысы Асылбек Сааданов мәлімдеді.

Оның айтуынша, аңшы 16 қаңтарда ұсталды. Аңшы барысты 15 қаңтар күні түнде атып алғанын мойындады.

Ол барысты атып алып, терісі мен басын алып бара жатқан жерінде ұсталған.

Ұсталған азамат 500 мың сом көлемінде айыппұл төлеуі немесе 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол аңшылар Кеңесінің мүшесі болып шықты. Сот азаматқа қатысты әлі ешқандай шешім шығарған жоқ.
Қар барысы сирек кездесетін немесе жойылып бара жатқан аңдар қатарын жатады. Ол Қырғызстанның және Халықаралық Қызыл кітапқа енгізіліп, аулауға мүлде тыйым салынған. Сондай-ақ, сатуға тыйым салынып, халықаралық Конвенция күзетімен қорғалады. «Барс» арнайы тобының мәліметінше, Қырғызстанда қар барысының 300 түрі кездеседі.

Талқылау