Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстан СІМ Қазақстандағы операция барысында ұсталғандардың ішінде 4 қырғызстандық болғанын мәлімдеді

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі 15 ақпанда Қазақстан аумағында 4 қырғызстандық азаматтың ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Сурет: Sputnik Қырғызстан

«Қырғыз Республикасының Жоғарғы Кеңес депутаты Асылбек уулу Дамирбектің ұсталғаны жөнінде сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасына нота жолдады. 15 ақпанда Қазақстан аумағында Қырғыз Республикасының 4 азаматы ұсталғаны жөнінде мәлімет алынды», – деп жазылған хабрламада.

Естеріңізге сала кетсек, Қырғызстан мемлекетінің сыртқы істер министрлігі Қазақстан елшілігіне нота жіберді. Оған елімізде қырғызстандықтардың ұсталуы туралы мәлімет себеп болды. Нотаға жауап берген Қазақстан СІМ арнайы операция барысында Қырғызстан депутаты ұсталғанын растады.

Бұған дейін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында арнайы операция жүргізілген. Қазақстанның Қарулы күштері еліміздің төрт өңірінде ірі арнайы операция өткізіп, 29 адамды ұстады, олардың арасында кеден және құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар.

Оқи отырыңыз:

Мәскеу облысында 3 жыл бойы іздестірілген қазақстандық қылмыскер ұсталды

Жас жігіт метро рельсіне құлап кеткен бүлдіршінді құтқарып қалды (видео)

Белгісіз біреу Өзбекстанмен шекарада ішінде 500 мың доллар бар сөмке тастап кеткен

Бүлдіршін суретке түсіріп тұрған анасының көз алдында баспалдақтан құлап кетті (видео)

Талқылау