Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыдырәлі Болманов Төреғалидің қатысуымен Қазақстанда ешкім қойып көрмеген концерт жасамақ

Танымал әнші, белгілі продюсер Қыдырәлі Болманов таяуда үлкен мерейтойлық концерт беруге дайындалып жатыр.

торе

Бұл туралы “Жұлдыздар жарқырайды” бағдарламасында айтты.

“Биыл “АБК” тобының 20 жылдығы, “Ұлытау” тобының 15 жылдығы, Қарақаттың он бес жылдығы сахнада. Осының барлығын атап өтпекпіз”, – дейді продюсер.

Елдің көңілінен шығып, халық концерттен жақсы әсер алып шығу үшін продюсер қазіргі таңда маңдай терін шелектеп төгіп жатыр екен. Концертте бұрын-соңды қолданылмаған техникаларды пайдаланып, ерекше шоу жасамақ.

“Үлкен 500 квадратты LED экран қоймақшымыз, 200 килловатқа жуық дыбыс қоймақшымыз. Енді оны Қазақстанда ешкім қойып көрген жоқ”, – деді Қыдырәлі.

Осылайша тек ғана шетелдік әншілер қолданып келген техниканы Қазақстанға әкеліп, алғаш рет болмысы ерекше концерт бермекші. Қазір шоуды ұйымдастыруға 40-тан астам маман жұмылдырылып жатыр екен.

Бір қызығы, жиырма жылдық мерейтойында “АБК” тобының орындауындағы “Бір тамшы жас” әнін Қыдырәлі жас әнші Төреғали Төреәліге орындатпақ.  “Төреғали Төреәлі, ән айтуды біздің “бір тамшы жастан” бастаған екен. Ол видеосы да бар. Тәп-тәтті”, – дейді Болманов.

Оқи отырыңыздар:

Төреғали Төреәлі бұл жолы Шымкентте шу шығарды

Қазақстандық футболшы Төреғали Төреәліге ерекше сый жасады (фото)

Жұрт Төреғали мен Қайраттың бір-біріне еліктеп жүргендерін айтты

Талқылау