Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуат “Найман” Хамитов павлодарлықтардан алған 100 мың теңге сыйлығын қайырымдылыққа жұмсады

Аралас жекпе-жек балуаны Қуат “Найман” Хамитов павлодарлықтардан алған 100 мың теңге сыйлығын ҰОС ардагерлерінің қорына аударып берді.

30-001

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Жуырда қазақстандық спортшы Қуат “Найман” Хамитов Мәскеуде өткен Fight Nights Global 57 халықаралық турнирінде ресейлік Гаджи Рабадановты жеңген болатын. Октагонда тұрып өз жеңісін Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнайтынын айтқан спортшы “Елім менің” әнін шырқап, көк туды тізерлеп сүйді.

“Бұл жеңісінен кейін аралас жекпе-жектен “Ахмат” кәсіпқой федерациясының президенті Сұлтан Ичиев қазақстандық балуанды жеңісімен құттықтап, күллі әлем алдында Отанына құрмет көрсетіп туын сүйгені үшін 100 мың теңге аударып берді. Кейін Хамитов бізге хабарласып, алғысын білдіре отырып алынған қаржыны Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қорына қайырымдылыққа жұмсағанын атап өтті”, – дейді баспасөз қызметкері.

“Қуат “Найман” Хамитов – барлық жастарға үлгі. Нағыз ердің ісін істеді. Әрине 100 мың қомақты қаржы емес, бірақ бұл оны қуантары сөзсіз. Біз патриоттарымызды бағалай білу керекпіз. Мен бизнесмен болғанда ойланбастан оған пәтер сыйлап беретін едім. Еліміздің бизнесэлитасы оны ескерусіз қалдырмайды деп сенемін”, – деді Сұлтан Ичиев.

Қазақстандық спортшы Қуат Хамитов былтыр аралас жекпе-жектен екі салмақ категориясында (70-77 келі) әлем чемпионының белбеуін жеңіп алған. Сондай-ақ, грек-рим күресі бойынша спорт шебері. Айта кетейік, ол 2015 жылы Алматыда селден зардап шеккендер қорына бір миллион теңге аударып берген болатын.

Бұған дейін ол “Алаш Прайд” клубына қатысты және уақытша тіркеу мәселесіне орай атышулы мәлімдемелер жасаған болатын. Сондай-ақ, спортшы әнші Қайрат Нұртаспен бірлесе жұмыс жасағысы келетінін де айтып қалған.

Оқи отырыңыз:

Тараздық балуан қарсыласын адам таңғаларлық әдіспен алып ұрды (видео)

Әлемге әйгілі желаяқ Усейн Болт бүкіл жүлделерінен айырылып қалуы мүмкін

Мейвезер: Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді

Қытайлық клуб Роналду үшін 300 млн еуро ұсынды

Талқылау