Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атышулы Қуат “Найман” Қайрат Нұртаспен бірге жұмыс жасауға дайын екенін айтты

Ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы Қуат “Найман” Хамитов шоу-бизнеске қатысты өз жоспарымен бөлісті.

Nayman-3

Фото: prosportkz.kz

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Ол өз сұхбатында Қайрат Нұртас және МузАРТ тобымен бірге жұмыс жасауға дайын екенін айтып қалды.

Спортшының сөзінше, ол болашақта киноға түсіп, өз-өзін ойнағысы келеді.

“Бірақ бұл әзірге ой ғана. Мен киноға да, клипке де түскенмін, алайда бұрынырақта. Бір мәрте мексикалық төбелескіштің рөлін сомдағаным бар. Егер маған біреу әншімен ән айтуды немесе киноға түсуді ұсынса онда ойланар едім. Мәселе кімнің қандай ұсыныс жасайтынында. Ең бастысы жалықтырмайтын қызық болса болды. Маған жаңа жобалар әрқашанда қызық. Егер Қайрат Нұртас, МузАРТ секілді аңыздармен жұмыс істеу мүмкіндігі туса қуанышты болар едім. Мен олардың шығармашылығын ерекше бағалаймын”, – деді Хамитов.

Ол сондай-ақ, осы көктемге дейін Қазақстанға оралатынын да айтты.

“Наурыз айына дейін екі кездесу өткізіп, отаныма қайтсам деймін. Қытайда чемпиондық белбеуімді қорғап, Мәскеуде Fight Night кездесуіне қатысуым керек. Әзірге қарсыластарым туралы ештеңе белгісіз”, – деді “Найман”.

Бұған дейін ол ешкім танымайтын “Алаш прайд” клубы менің арқамда танымал болды деп шу тудырған еді.

Оқи отырыңыз:

Әлемге әйгілі желаяқ Усейн Болт бүкіл жүлделерінен айырылып қалуы мүмкін

Мейвезер: Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді

Қытайлық клуб Роналду үшін 300 млн еуро ұсынды

Сәбина Алтынбекова Ақтөбеде өзінің жеке волейбол клубын ашпақ

Талқылау