Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Куәгерлер алқабилерге артымен тұрып жауап берді": Адвокаттар Бишімбаевқа қатысты сот процесінің ұйымдастырылуын сынға алды

Қазақстандық адвокаттар Жанна Мұхамади мен Джохар Утебеков желіде экс министр Бишімбаевтың ісі бойынша өтіп жатқан сот процессін сынға алды. Айтуларынша сот кезінде алқабилер жауап алушының арқасын ғана көрген, олардың орны дұрыс жерде болмаған. Одан бөлек судья орынсыз сұрақтардың қойылуына жол берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Адвокат Жанна Мұхаммади Салтанат Нүкенованы өлтіру фактісі бойынша сот күні бойы сағат 10:00-ден 18:30-ға дейін түскі үзіліспен созылғанын алға тартты. Айтуынша рейсі үш рет кейінге қалдырылған.

“Бұл күн өте ұзақ болды… Көптеген теріс эмоциялар алдық. Сот іске тікелей қатысы бар сұрақтарымызды негізсіз алып тастады. Ал Айтбек Амангелдіден жауап алу кезінде біз қоймауды сұраған этикалық нормаға сай келмейтін орынсыз сұрақтарды алмады.

Біз барлық жауап алынған адамдардың арқасына қарадық. Олардың бетіне қарап тікелей сұрақ қоя алмадық. Тіпті алқабилер де олардың эмоцияларын көре алмады. Себебі олар да жауап алынған адамның артында тұрды. Процестің басында біз жауап алып, жұмыс істеу үшін трибунаны жылжытуды сұрадық. Алайда соңына дейін арқаларынан қарап отырдық”, – деді адвокат.

Осы тұста заңгер Джохар Утебеков те соттың Бишімбаевтың адвокаттары қойған орынсыз қатыгез сұрақтарын алып тастамағанына наразылығын білдірді.



“Бүгін сотта жәбірленуші Салтанат Нүкенованың ағасынан жауап алынды. Оған Бишімбаевтың адвокаттары “Салтанаттың денесінде мидың зақымдары болды ма? Көзі ағып кеткен бе?”- деген қатыгез сұрақтарды қойды.Адамнан оның қарындасының мәйіті туралы осылай сұрауға болады? Бұл оны қорлайтыны анық!”, – деді адвокат. 

Джохар Утебеков сонымен қатар судья Құлбаеваны да сынға алды. Айтуынша ол іске еш қатысы жоқ сұрақтарды алып тастамай, керісінше Айтбекті сұрауға алған. Одан бөлек, тіпті сот процессін басқаруда шатасып, бір сұрақты шексіз қайталап созғанын алға тартты.

“Судья Айтбек Амангелдіге неге сонша қобалжып тұрғанын сұрады. Менің ойымша, ол өзін тіпті өте лайықты, дұрыс ұстады. Мұндай жағдайда мен өзімді ұстамай алмас едім. Тұтастай алғанда, процесс ең жаман әсер қалдырды. Судья басқа да көптеген орынсыз сұрақтарға жол берді”, – деп қосты ол. 

Адвокат тіпті прокурорлардың алқабилерге айыптаудың мәнін қарапайым сөздермен түсіндіруге тырыспағанын алға тартты.

“Прокурорлар алқабилерде жұмыс істеу керек екенін ұмытып кетті. Әдеттегідей айыптау актісі сыналды. Прокурорлар жәбірленуші мен куәгерлерге әлсіз және мақсатсыз сұрақтар қойды. Сондықтан жәбірленуші отбасының адвокаттарына араласуға тура келді. Ал егер олардың адвокаттарға ақшасы болғанда барлығы, ақталар ма еді? Бұл рокуратурадан таңдалған үздіктердіің әрекеті! Мен мұндай кәсіби емес жұмыстардың нәтижесінде бәрі жанжалмен аяқтала ма деп қорқамын”, – деді Джохар Утебеков.

Айта кетейік, Астанада Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Сот кезінде марқұмның ағасы қарындасымен жазысқан хаттарды оқып берді.

Талқылау