Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаев пен Байжанов бүгінгі сот отырысына келмей қалды

Бүгін Астана қаласындағы мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот сөзжарысы 10:00-де басталуға тиіс еді. Судья әлдебір мәселелерге байланысты оның кейінге шегерілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Сотқа айыпталушылар келмей қалды. Судья мұны конвой қызметінде қандай бір мәселе туындағанымен байланыстырды. 

Сот залы алдында Нүкенованың ағасы және сіңлісі, құрбылары, адвокаттары сот ісінің басталғанын күтіп тұрған еді. 



Сөзжарыс түстен кейінге қалдырылды. 14:30-да басталады. 

Бұған дейін куәгерлер мен іске қатысы бар адамдардан жауап алу аяқталғанын айта кетейік.

Бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Кахарман әлеуметтік желіде оқырмандарының сауалына жауап берді. Онда ол Бишімбаевтың бес рет кіші қажылыққа барғанын, дінге жақын болғанын айтқан. 

Талқылау