Криштиану Роналду Европаның ең үздік футболшысы атанды (видео)
Кеше Монакода УЕФА салтанатты кеш ұйымдастырып, 2016/17 маусымының қорытындысы бойынша Европаның үздік футболшыларын анықтады.
Чемпиондар лигасын қатарынан екі жыл жеңіп алған “Реалдың” бес бірдей футболшысы жекелеген марапаттарға ие болды. Чемпиондар лигасының ең үздік қақпашысы атағын италиялық Джанлуиджи Буффон (“Ювентус”) иеленсе, үздік қорғаушы – испаниялық Серхио Рамоч (“Реал”), жартылай қорғаушы – хорватиялық Луко Модрич (“Реал”), шабуылшы – португалиялық Криштиану Роналду (“Реал”) атанды.
Әйелдер арасында үздік футболшы атағын Голландия құрамасы мен “Барселона” шабуылшысы Лике Мартенс алды.
Европаның үздік футболшысы атағын иеленген Роналду бұл тартыста “Барселона” шабуылшысы Лионель Месси мен қақпашы Буффонды артқа қалдырды. Португалиялық футболшы бұл мәртебелі атақты қатарынан үшінші жыл жеңіп алып отыр.
Марапат Чемпиондар лигасына қатысқан барлық команда бапкерлері және УЕФА-ға мүше 52 мемлекеттің журналистерінің дауыс беруі арқасында анықталды. Бұл ретте бапкерлер үздік үштікке өз командасының ойыншыларын қоса алмайды.
Оқи отырыңыз:
Қазақстандық ауыр атлет Денис Уланов Универсиада «алтынын» ұтып алды
«Монғолияның Лашыны» атанған қазақ балуаны кім?
Түркия спортшысы әлем чемпионы атанған қызға көпшілік алдында ұсыныс жасады
Дмитрий Баландин ел қоржынына Универсиаданың үшінші медалін салды

Министр Нұртілеу ұсталды деген сыбыс қазақстандықтарды дүрліктірді: Бұл істің соңы немен бітті, Бажкенованы не күтіп тұр?
