«Монғолияның Лашыны» атанған қазақ балуаны кім?

Бейсенбі, 24 Тамыз , 2017 12:43

Таяуда Монғолияның жаңа Президенті Халтма­гийн Баттулганың Баянөлгийде туып-өскен қазақ балуаны Серік Бердімұратұлын «Улсын­ Начин».

77d0c8290eba17ae2ccca7e85eedfb50_resize_w_520_h_

(«Ұлыс Лашыны», яғни «Монғо­лияның Лашыны») мемлекеттік атағымен марапаттау туралы Жарлығы шықты. 23 жастағы қазақ азаматы бұл атаққа монғол елінің мемлекеттік мерекелеріне орай өткізілген сайыстарда қарсыластарының бәрінің жауырынын жерге тигізіп қол жеткізді, деп жазады Замана.

…Монғолияда күрестен жарыстар жыл са­йын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Монғол күресінің өзіндік ерекшеліктері бар. Оған қатысатын балуандар аяғына «монгол гутал» деп аталатын тұмсығы қайқайған етік, «шуудаг» деп аталатын келте шорты,  «зодог» деп аталатын жеңі бар, кеудесі ашық жейдеше киіп шығады. Күресте жеңген балуан бүркіт биін билейді, ал жеңілген адам оның жоғары көтерген оң қолының астынан өтеді. Белдесу­шілердің әрқайсысының өз секунданты (засуул) болады, олар әрбір қимыл, әдіс-тәсілді есепке алып жүреді.

989898998

Сайыстарға 512-ден 1024-ке дейін ба­луандар қатысады. 5 турда қатарынан жеңіске жеткен балуан «Начин», яғни «Лашын» ата­нады. 6 турда жеңіске жеткен жанға «Харцаг» («Қаршыға»), 7 турдан жеңілмей өткенге «Заан» («Піл»), 8 турда қатар жеңгенге «Гаруда» («Киелі құс»), 9 турда жеңгенге «Арслан­» («Арыстан») атақтары беріледі. Мыңнан аса балуанның белдесулерінен кейін озып шыққан балуан «Аварга» («Алып», «Дәу») деген атаққа ие болады.

Бір қызығы, бұл елде балуан бірінші кезектегі ең қадірлі адам саналады, қариялар одан кейінгі орында тұрады. Балуандық тіпті тұқым қуалайтын дәрежеге дейін жеткізілген. Ұрпағымыз балуан болсын деп балуанның қызына үйлену жоғары мәртебе саналады.

Міне, Серік бауырымыз Монғолиядағы осындай аса қадірменді, құрметті азамат дәрежесіне жетіп отыр. Монғолиялық жанкүйерлері оған енді «Дархан Аварга», яғни «Құрметті Дәу» атағына да жете бер деген тілек білдіруде.

Ал Серіктің мұндай атақты да жеңіп алуға мүмкіндігі жетерлік. Оның жасы қазір 23-те, нағыз жасындай жігіт шағы. Өзі 10 жасынан бері спортпен айналысады. Монғол күресінен ғана емес, самбодан, дзюдодан, тіпті жапон күресі – сумодан да жетістіктері мол.

Серік – самбодан жасөспірімдер арасындағы Монғолия чемпионы. 2011 және 2012-жылдардағы Әлем чемпионаттарында қола медаль иеленген. 2012-жылы Гонконгте 34 елдің саңлақтары қатысқан Әлем чемпионатында сумо күресінен алтын медаль жеңіп алған. 100 килоға дейінгі салмақта ол 8 қарсыласын тізе бүктіріп, ақтық айқасқа жапондық Ацуши Онамимен шықты, оны тізе бүктірді. Монғол күресінен 2012-жылы – аймақтық «Піл» және 2013-жылы аймақтық «Арыстан» атақтарын иеленді. 2014-жылы Монғолия біріншілігінде дзюдодан Бейжің Олимпиадасының чемпионы Түвшинбаярға ғана есе жіберіп, күміс медаль иеленді.

Ол Қазақстанда өткізілген жарыстарға да қатысты. Қазақ күресінен Қажымұқан атындағы турнирдің жеңімпазы болды. 2016 жылы Алматыда Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген «Еуразия Барысы» турнирінде күміс медальға қол жеткізді.

Қысқасы, монғолиялық Серік Бердімұрат бауырымыздың есімі қазақстандықтарға біраз уақыттан бері таныс. Сондықтан да оның жеңістеріне бүкіл қазақ қуанады. Бұйыртса, оны әлі де талай биіктерден көреріміз сөзсіз.

Алға, қазағым!

Тағы да оқыңыз:

Түркия спортшысы әлем чемпионы атанған қызға көпшілік алдында ұсыныс жасады

Астаналық жігіт сүйіктісіне ұсыныс жасау үшін 15 шақырым жерді жүріп өтті

Қазақстандық қызға сүйіктісі тұрмысқа шығуға ұшақ бортында ұсыныс жасады (видео)

Сарқыраманың қасында сүйіктісіне ұсыныс жасамақ болған жігіт сақинаны суға ағызып алды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар