Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ауыр атлет Денис Уланов Универсиада «алтынын» ұтып алды

Ауыр атлет Денис Уланов Қытайдың Тайпей қаласында өтіп жатқан жазғы Универсиада 2017 ойындарында үздік нәтиже көрсетіп, Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салды.

?????????????????????????????????

Риодағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Бірінші жұлқа көтеру сайысында ол 165 келіні бағындырды. Алайда екінші сайыста ол 170 келіні көтере алмай қалды. Үшінші рет судья оның көрсеткішіні есептемеді.

Қоссайыста жинаған ұпай саны бойынша Денис армян Андраника Карапетян мен Юн Хак Чжаннан жоғары көрсеткіш көрсетті.

Осылайша, Денис Уланов 365 келімен (165 + 200) бірінші орын алды. Екінші орынды армян ауыратлеті Андраник Карапетян 364 келі (170 + 194) алса, қола жүлдені кореялық Чжан Енхак – 354 келі (163 + 191) еншіледі.

Оқи отырыңыз:

Қазақстан көкпаршылары ресейліктерді ойсырата жеңді

Головкинді қартайды дегендерге бапкері жауап берді

Жарыста жаттықтырушысын жер қылған теннисші кешірім сұрады

Қазақ балуаны күрестен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Талқылау