Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кремльде ән салған Мейрамбек Беспаев туған еліне алғыс айтты (фото, видео)

Мұзарт тобы қыркүйектің 18-і күні Мәскеуге барды. Бірнеше күннен бері жігіттер көрші елге қандай мақсатпен барғандарын енді ғана айтып жатыр. Олар Кремльде ән салған екен.

image

Фото: instagram.com/m_besbaev/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мейрамбек Беспаев пен Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілов бірнеше күннен бері инстаграм парақшаларына Ресей елінде түскен суреттерін салуда. Аталған елге олар “Мәскеудегі Астана күндері” атты шараға қатысуға барыпты. Ол Кремльде өтсе керек.

14288122_337955533214808_2035482203_n

“Кремльде ән салуымыз туған елдің ақ батасы мен ықыласының арқасы. Рахмет саған, туған ел! Мәскеудегі Астана күндерінен естелік” деп жазады Мейрамбек Беспаев суретінің тұсына.

Мұнымен қатар, Мәскеуге Қайрат Баекенов, Бүркіт, Байғали Серкебаев сынды жұлдыздар да барған екен. Концертке дейін ел аралап жүріп Сәкен Майғазиев бір қызық көрініске тап болады. Ғашықтардың құлпысы ілінген ағашқа жүзік-поршеньді қатар іліп қойған екен. “Мейлі… Мақұл… Бақытты болсын, әйтеуір. Құлып пен кілтке таң қалмайсың ғой. Бірақ жүзік-поршеньді қатырыпты”, – дейді Сәкен Майғазиев.

Әзірге әншілердің туған жерге қашан оралатындары белгісіз. Десе де, Ресей елінің мәдени ошақтарының көңілден шыққандығын айтып жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Мейрамбек Беспаевтың әулеті дүркіретіп той тойлады (фото, видео)

Жарнамаға түскен Мейрамбекке қыздар бұрынғыдан да қатты ғашық болып қалды (фото)

Мейрамбек Беспаев магистратура экзаменін тапсырды (фото)

Мейрамбектің ізбасары Нұрмұхаммед киноға түсті (фото, видео)

Мейрамбек Беспаевтың бала күнгі видеосы жұртты сүйсіндірді (видео)

Талқылау