Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда түнгі клуб өртеніп жатыр

Қостанай қаласында “Вест” атты түнгі клуб өртеніп жатыр. Өрт сөндіру кезінде бір қызметкер жараланған.

20170910114453

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері өрттің неден өрбігенін алдағы уақытта мәлімдейтіндерін жеткізді. Алдын ала болжам бойынша, аталған мекеме қызметкерлері өрт қауіпсіздігін сақтамағаннан болып отыр. Өрт сөндіру кезінде бір қызметкер жараланған.

Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов та оқиға орнына келіп, тұрғындарды сабырға шақырды. Түнгі клуб қасындағы үйлерге залал келген жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін 6 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған. Куәгерлердің айтуынша, өрт шамамен сағат 8-де шыққан. Өрттің жоғарғы қабаттан басталғаны анықталды. “Вест” маңындағы және үлкен көпірге шығатын жолдар уақытша жабылды.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда адам қағып өлтірген жүргізуші іздестіріліп жатыр

Теміртауда пәтердегі өрттен 5 жасар қыз көз жұмды

Атырауда көршісін пышақтап өлтірген азамат ұсталды

Павлодарда трамвай тағы да апатқа ұшырады

Талқылау