Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда өздігінен жүріп-тұра алмайтын шыны адам тұрады

Қостанайда Азамат Жұмағұлов есімді шыны азамат тұрады. Оның жүріп-тұруының өзі қиынға соғады. Қайырымды жандар қаражат жинап, Азаматқа қажетті затын алып берді.

Жетілмеген остеогенез – бұл сүйектің нәзіктігі, өзгеріске түсуі. Бұл диагноз Азаматқа бала күнінде қойылды, деп жазады Қостанай жаңалықтары.

9 айында өзге балалар секілді алғашқы қадам жасай бастады. Бірақ сол сәтте аяғын сындырып алды. Содан бері сүйегіне зақым түсіруден сақтанып келеді. Қазір арбамен қозғалады.

Ол осыншалықты ауыртпалықты оңай көтереді. Тағдырына өкпе айтпайды.

Ол оқу оқып, жұмыс істеп, отбасылы болуды армандады. Одан бөлек қарындасына қолғабыс болып, отбасын аяққа тұрғанын қалайды.

Азамат Сарыкөл тумасы. Сондағы колледжді бағдарламашы мамандығымен бітірді. Оқуын әлі жалғастыруда. Жұмысқа орналасты. Әйелімен «Достық» профилакторияында оңалту жұмысы кезінде танысты. Наталья да мүгедек жан. Бірақ өздігінен қозғала алады. Олар пәтер жалдап тұрады. Екеуінің табысы аз болғандықтан көпшіліктен көмек сұраған еді. Қайырымды жандар қаражат жинап, арба мен суға түсуге арналған көтергіш құрал алып берді.

Мемлекеттен бөлінген арбалар сапасыз болып шықты. Олар қаланың барлық жолында жүруге жарамсыз еді. Сондықтан құны 300 мың теңге тұратын арба мен 200 мың теңгенің көтергіш құралы қажет еді. Тиісті соманы қайырымды жандар жинап берді. Азамат баршасына алғыс айтып, ақ тілегін айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау