Қостанайда ІІД полицейлерден таяқ жеген келіншекке миллион теңге төлеуге міндеттелді

Сейсенбі, 1 Тамыз , 2017 12:23

Қостанай облыстық ішкі істер департаменті полицейлерден зардап шеккен Любовь Дорошенкоға 1,5 млн теңге төлеуге міндеттелді.

Безымянный

Бұл туралы адам құқықтары және заңдылықты сақтау халықаралық ұйымының Қазақстандағы Қостанай филиалының директоры Анастасия Миллер Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

Бұған дейін полицейлер ұрып тастаған 20 жастағы қыз ішкі істер департаментінен 3 млн теңге өтемақы талап еткен болатын.

Оқиға өткен жылдың 10 сәуірінде Қарабалық ауданында болған. Учаскелік инспектор Арман Төлегенов және Нұрлан Сәрсембаевтар 20 жастағы Любовь есімді қызды дүкенге ұрлыққа түсті деп айыптаған.

Олар қыздың кінәсін оны төпелеп ұрып мойындатпақ болыпты. Ол емізулі сәбиінің бар екенін айтып жалынғанына қарамастан, полицейлер оны сабап тастаған. Сондай-ақ, олар әйелдің саусағын кесіп, ата-ана құқығынан айырамыз деп те қорқытқан.

Қыз арыз жазғаннан кейін подполковник Амантай Ағайдаров пен Жангелді Ақынов өз қолдарымен оған 100 000 теңге алып келген. Бірақ, қыз айтқанынан таймай арызын қайтарып алмайды. Ал бұрынғы полицейлер сотта кінәларын мойындамай, Дорошенко жала жауып отыр деген.

Бірақ, сот үкімімен екі полицей Сәрсембаев 3,5, ал Төлегенов 3 жылға сотталды. Сондай-ақ, Қарабалық аудандық полиция басқармасы басшысының орынбасары Ағайдаров және Ақыновтар 3 жыл 9 айға бас бостандықтарынан айырылған.

Оқи отырыңыз:

ҰБТ: Апелляциялық шағымдардың жартысы дұрыс болып шықты

Студенттердің ұсталуына байланысты Қазақстан Мысырға наразылық нотасын жолдады

Қазақ журналистері Баянды Жазушылар Одағының хатшысы етуді ұсынды

Бала-шағасы бас тартқан 70 жастағы қарияны Алматы тұрғыны өз қамқорлығына алды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар