Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰБТ: Апелляциялық шағымдардың жартысы дұрыс болып шықты

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев үкіметтің бүгінгі отырысында ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысын жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

97729_b0

Биылғы ҰБТ жаңа форматта өтті. 25 мың тест тапсырмасы болды.

“Ағымдағы жылы жаңа форматтағы ұлттық бірыңғай тестілеу республика бойынша 165 жерде өткізілді. ҰБТ-ны тапсыруға 93 мың мектеп түлегі өтініш білдірді. Олардың 88,5 мыңы тестке келді. 69 мың бала, яғни 76 пайызы тестті қазақ тілінде тапсыруды қалады”, – дейді Сағадиев.

Солардың ішінде 199 тест тапсырмасына қатысты апелляциялық шағым түсіп, оның 103-іне қатысты оң шешім шығарылған.

“Республика бойынша ұпайдың орташа көрсеткіші 140-тың ішінде 80,5-ді құрады. Өткен жылы 125 балдық жүйе кезінде орташа көрсеткіш 80,1 ұпай болған. Биыл ең төменгі 50 ұпай межесін 74,5 мың бала еңсерді. Ал 14 мың мектеп түлегі тестті тапсыра алмады. Тест тапсыру ережесін бұзғаны үшін 12 бала тесттен шеттетілді”, – деп атап көрсетті Ерлан Кенжеғалиұлы.

1 тамыздан бастап ұлттық бірыңғай мен кешенді тестілеуді қайта тапсыру бойынша құжат қабылдау жұмысы басталды. 19-24 тамыз аралығында тестті қайта тапсыру шаралары өтеді.

Тағы да оқыңыз:

Студенттердің ұсталуына байланысты Қазақстан Мысырға наразылық нотасын жолдады

Қазақ журналистері Баянды Жазушылар Одағының хатшысы етуді ұсынды

Бала-шағасы бас тартқан 70 жастағы қарияны Алматы тұрғыны өз қамқорлығына алды

Талқылау