Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда 7 ұстаздың алаяқтық жолмен диплом сатып алғаны анықталды

Рудныйдағы жеті ұстаз дипломды сатып алып, мектепте бала тәрбиелеп жүрген. Енді олардың ісін тергеушілер қарап жатыр.

Қостанайдағы Ішкі  істер департаменті мұндай заңсыздықты 4 мектептен тәркілеген. Олардың барлығы да дипломды  Алтынсарин атындағы Арқалықтағы мемлекеттік педогогикалық институттан алыпты. Алаяқ ұстаздар мектепте орыс тілі, ағылшын тілі, дене тәрбиесі сынды пәндерден сабақ беріп жүрген.

«Нәтижесінде мемлекеттік қызметкер атанған алаяқтарға бюджеттен 6 миллионнан астам жалақы төленген. Оның 1.5 миллионы қазір мемлекет қазынасына қайтарылды»,-дейді облыстық  прокуратура қызметкері.

Қазір мұғалімдердің дипломды қайдан сатып алғаны, оларға көмектескен адамдар анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Нұрболат Абдуллин танымал хит әнді ұрлап алғанын мойындады

Адам есімінің тағдырына әсер ететіні рас па?

Қостанайда 7 ұстаздың алаяқтық жолмен диплом сатып алғаны анықталды

Ұлттық банк жаңа 500 теңгені таныстырды

 

Талқылау