Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк жаңа 500 теңгені таныстырды

Ұлттық банк бүгіннен бастап жаңа дизайндағы 500 теңгелік қағаз ақша  шығара бастады.

Сурет: inform.kz  Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Жаңа ақшаның бұрынғыдан ерекшелігі  осыдан жоғары ақшалардың дизайнына көбірек келеді. Онда Қазақ елі  монументі мен көгершін бейнеленген. Ақшаның келесі бетінде Каспий теңізі бейнеленген. Бірақ, бояудың түрі бұрынғысынша қалған.

«Жаңа ақшадағы жазу кириллицада жазылған. Себебі бұл дизайн 2015 жылы қабылданған . Осыдан –ақ ақша ауыстырудың, жаңадан шығарудың қандай ұзақ процесс екенін түсінуге болады»,-деді Данияр Ақышев.

Ескі дизайндағы 500 теңгелік ақшалар 2020 жылдың 10 маусымына дейін айналымда болады. Осы уақыттан кейін ескі ақша жойыла бастайды.

Оқи отырыңыз:

5 жасар қыз кір жуғыш машинада тұншығып өлді

Қазақты мазақ еткен Барон Коэн “Бораттың киімін” киген туристерді жақтап шықты

Ақтауда ер адам көршілерін айыптап хат қалдырып өзіне қол салған

 

 

 

Талқылау