Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда 40 мың теңгенің телефоны үшін зейнеткерді өлтірген қылмыскер 17 жылға сотталды

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында зейнеткерді өлтіріп, артынша оны өртеп жіберген 28 жастағы Талғат Қожахметовке қарсы үкім шығарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат-қа сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қостанайда 40 мың теңгенің телефоны үшін зейнеткерді өлтірген қылмыскер 17 жылға сотталды

Іс құжатына сәйкес, 75 жастағы Мария Ерошенко жаңа жылды көршілерімен бірге қарсы алған, ал сол үйде айыпталушы Талғат Қожахметов те болған.

Ол сол күні кешке зейнеткердің 40 мың теңге тұратын ұялы телефонын байқап қалып, оны ұрламақшы болып арам ойға көшкен.

Сол түні, бәрі оның ішінде зейнеткер Ерошенко да үйлеріне тарқап кеткенде, Қожахметов қарт адамның үйіне ұрланып кірген.Үйде біреудің жүргенін естінен әйел оянып, дәлізге шыққан. Сол кезде оған айыпталушы шабуылдап бірнеше рет басынан ұрып, сосын қылқындырған.

Қожахметов арам ниетін жүзеге асырған кейін зейнеткердің ұялы телефонын және планшетін ұрлап кеткен. Содан кейін ол ізін жасыру үшін үйді өртеп жіберген.

Соттың үкімі бойынша Талғат Қожахметов қарақшылық, кісі өлтіру және басқа біреудің мүлкін жойғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 17 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ жазасын ең жоғарғы деңгейдегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтейтін болады.

Жәбірленушінің қызы Любовь Карлышева айыпталушы Қожахметовке қарсы шығарылған үкімге қанағаттанатынын білдірді.

«Оның әжесі мен анам көп жылдар бойы көрші тұрды. Ал ол анамды болмайтын бір телефонға бола өлтірді. Соттың әділ шешім қабылдағанына қуаныштымын », – деді сот отырысынан кейін қайтыс болған зейнеткердің қызы Любовь Карлышева.

Оқи отырыңыз:

Астанада жарнама жазылған стенд көрме келушісінің үстіне құлап кетті

Жамбыл облысының тұрғыны пойызда саудагер әйелді өлтіріп кетті

Теміртауда тұрғын үйлер ауласында адамды өртеп жіберген

Павлодарда 11 жасар баланы жел ұшырып, өзенге құлатып жіберді

Талқылау