Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда 25 жастағы жігіт жоғалып кетті

Үстіне спорттық күртеше киген 25 жастағы жігіт 31 наурыз күні үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған.

5454

Бұл туралы “Костанайские новости” хабарлайды.

Ол кешкі уақытта әжесіне барып қайту үшін шыққан. Бірақ, ол жаққа бармапты. Мақсұттың қайда болуы мүмкін екенін әріптестері де, достары да білмейді.

“Ұлымызды қатты уайымдап отырмыз. Тек оған ештеңе болмай табылса екен. Қазірге дейін ол туралы ешқандай хабар жоқ”, – дейді әкесі Қаныш Өмірбаев.

Туыстары оған ресми іздеу салған. Полиция бөлімшесі жас жігіттің телефоны болғанын, бірақ оны сатып жібергенін айтты.

“Ұлымда ақша да болған жоқ. Ол кіммен, қайда баруы мүмкін. Астанадағы туыстарыма хабарластым. Ол жаққа да бармаған. Кетерінен бірер күн бұрын анасымен аздап ренжісіп қалған. Бірақ бұл жағдай оның үйден кетіп қалуына себеп болмауы керек. Біз өте қатты уайымдаймыз”, – деді әкесі.

Полиция Мақсұт туралы білетін адамдар болса хабарласуларын сұрайды. Телефон: 102 немесе 8 747 474 62 55, 8 747 474 84 55.

Оқи отырыңыз:

Бірден үш қызға үйленген елордалық жігіт жұртты дүрліктірді (видео)

Халыққа 10 сотық жер беру мемлекеттік мұқтаждыққа жатқызылмақ

Алматыдағы университет жатақханасында көз жұмған студент жер қойнына тапсырылды

Қызы өгей анасының әкесін дуалағанын айтып жылады

Талқылау