Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

19 жастағы қостанайлық жеткіншек спорткешенінде атыс жасады

Қостанайдағы спорткешенінде бірнеше рет оқ атылды, деп хабарлайды Қазақпарат.

20170117115425

«Оса» травматикалық қаруы бар келушілердің бірі қарсыласын басынан жарақаттады.

«Бұзақылық әрекеттер бойынша 19 жастағы қала тұрғынына қатысты тергеу жүріп жатыр. Күдікті ұсталды. Одан қаруы алынып ,сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіледі», – дейді Қостанай облыстық ІІД-де.

Оқиға куәгерлерінің бірі желіде осы туралы жазуда.

«Екі спортшы арасында дау туып, бапкерлерді шақыртты. Онда кішкентай балалар да, егде жастағылар да, бәрі бар. Полицейлер 30 минут уақыт бойы ешкімді ғимаратқа кіргізеді», – деп жазады куәгер.

Жанжал тудырғандардың жергілікті оқу ордасының студенттері екені анықталды. Олар көпшіліктің көзінше дауласқан. «Трудовые резервы» спорткешенінің басшысы Валерий Ковш төбелес соңы атысқа ұласқанын, алайда оларға ешкімнің батылы жетіп араша түспегенін айтады.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда жолаушылар автобусы әйелді қағып өлтірді

Қазақстандық отбасы жетімдер үйінен бала асырап алды, бірақ туған анасы сәбиін қайтып алмақ болып шешті

Есей Жеңісұлы: Тұрсынбектің «Әзіл әлемінен» бастап, ірілі- ұсақты театрлардың бәрі орысша жаргондарға әуес

Депутаттар зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алуды ұсынды

Талқылау