Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысының әкімі жалған нөмір таққан автокөлікті пайдаланып көзге түсіп қалды

Маусым айының аяғында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов ресми шаралардың біріне жеке нөмір таққан Lexus маркалы автокөлікпен келген. Әкімнің жеке автокөлікті қызметтік мақсатта пайдалануы көптің таңданысын туғызған.

IMG_5543

Бұл туралы ng.kz хабарлайды.

Ал облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк болса, әкімнің көлігінде жалғыз 001 АА мемлекеттік нөмірі ғана бар дейді. Бір қызығы осыдан үш жыл бұрын сол кездегі өңір басшысы Нұралы Сәдуақасов та қызметтік автокөлігіне жеке нөмір тағып көзге түскен еді.

Мұхамбетовтың 743 ESA деген жеке нөмір тағылған Lexus көлігінен шығып келе жатқанын журналист 28 маусым күні “Тобыл” мейрамханасының маңында түсіріп алған. Сол күні облыс әкімі журналистерді кәсіби мейрамымен құттықтап, БАҚ-тың қай кезде де ең бастысы “Зиян келтірме!” деген ұстанымды ұстану керектігін айтыпты.

“Облыс әкімінің көлігінде бір ғана 001 АА мемлекеттік нөмірі бар. Ал көлік жүргізушілері жоспарлы жөндеу жұмыстарын және химиялық тазалау жүргізген кезде қателесіп ол автокөлікке тиесілі емес нөмірді тағып қойған. Осы оқиғадан кейін жүргізушімен әңгіме жүргізіліп, сөгіс берілді”, – дейді Сергей Карплюк.

Бірақ, облыс әкімі орынбасарының жауабын тыңдай отырып, тағы бірнеше сауалдың басы қылтияды. ” Жоспарлы жөндеу жұмыстарын және химиялық тазалау жүргізген кезде жүргізушіде мүлде басқа нөмір қайдан жүр?”, “Оны көлікке отырған әкім қалай байқамаған?” және “Жүргізушіге неге жәй ғана сөгіс беріле салады?” деген сынды. Ал шын мәнінде көлік нөмірін заңсыз ауыстыру орын алса, онда әкімшілік кодекс бойынша жауапкершілік жүктеліп, айыппұл салынуы керек.

P_20170714_152235

Журналистер осы ретте “Қостанай облыстық мемлекеттік мекемені шаруашылық басқару” жетекшісі Асхат Байдоллаевтан шенеуніктердің қызметтік тұрағын көрсетуді сұраған. Алайда шенеунік автокөліктердің барлығы сыртта жүр деп жауап берген. “Мемлекеттік қызмет өкілдеріне тиесілі 30 қызметтік көліктің барлығы бірдей сыртта жүруі мүмкін бе?” деп жазады журналист. Осылайша БАҚ өкілдері ақыры тұраққа барлау жасауға мүмкіндік алған.

Майлин көшесінде орналасқан қызметтік автокөліктер тұрағында нөмір белгісі жоқ Toyota Land Cruiser, P 092 ZDM жеке нөмірін таққан Mercedes-Benz, және дұрыс 001 АА нөмірі бар облыс әкімінің Лексусін де көрдік. Тойотаның неліктен нөмірсіз тұрғанын, Мерседеске неге жеке нөмір тағылғанын ІІД жауапсыз қалдырды. Кейінірек облыс әкімінің көлігіндегі “қателікке” қатысты пікір білдірді.

“743 ESA мемлекеттік нөмір белгісі облыстық ІІД тіркеу-емтихандық басқармасының мәліметі бойынша 2015 жылы есептен шығарылуы тиіс автокөлікке тиесілі болған. Қазір жүргізушінің өз бетімен нөмірді көлікке тағып алуына қатысты тексеріс жүргізілуде. Тексеру нәтижесін толығырақ хабарлаймыз”, – деді облыстық ішкі істер департаменті.

Оқи отырыңыз:

Елбасы әзіл айтып Германия президентін күлдірді

Мәсімов шпиондардың Қазақстанның құпия құжаттарын қалай ұрламақ болғанын айтты

Бас прокурордың бірінші орынбасары тағайындалды

Пара алды деп күдікке ілінген Фармация комитетінің басшысы Лариса Пак туралы не білеміз

Талқылау