Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокурордың бірінші орынбасары тағайындалды

 Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов бұған дейін  Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы қызметін атқарған.
Орынбасар

Мемлекет басшысының 2017 жылғы 12 шілдедегі өкімімен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып Нұрдәулетов Ғизат Дәуренбекұлы тағайындалды, деп хабарланады қадағалау ведомствосының ресми сайтында.

Нұрдәулетов Ғизат Дәуренбекұлы еңбек өтілін Алматы облысы Жамбыл ауданы прокуратурасында тергеуші болып бастаған.

Мемлекеттік тергеу комитетінде 1996 — 1997 жылдары қызмет атқарған.

1997 жылдан бастап ұлттық қауіпсіздік органдарында еңбек еткен. Сонымен қатар Департамент бастығының орынбасары, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Департамент бастығы,  Тергеу департаменті бастығы лауазымында болды.

016 жылдың қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаментіне басшылық етті.

Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры

II дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталған.

Оқи отырыңыз:

Алматыда тонналаған темірдің астында жаншылып қалған қыз есін жиды

Пара алды деп күдікке ілінген Фармация комитетінің басшысы Лариса Пак туралы не білеміз

Таразда дәретханаға тасталған баланы асырап алмақшы болған жұп ұлды болды

 

 

 

Талқылау