Пара алды деп күдікке ілінген Фармация комитетінің басшысы Лариса Пак туралы не білеміз

Дүйсенбі, 10 Шілде , 2017 21:22

Астананың сол жағалауы жұмыс аптасын кезекті жемқорлық жанжалынан бастады. Ел төрт күн қатарынан думандатып жатқанда, Денсаулық сақтау министрлігінің бір топ шенеунігінен тергеу қапасында жауап алынып жатты, деп хабарлайды КТК.

2_thb_1600x700x2

Яғни жұртты арзан дәрі-дәрмекпен қарық қылуы тиіс. Фармация комитетінің  басшысының міндетін атқарушы  Лариса Пак пен осы комитетке қарасты департамент жетекшілері 10 миллион теңгеден аса пара алды деген күдікпен ұсталды.

Дүйсенбі Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның мәлімдемесінен басталды. Бұл жолы Фармация комитетінің төрайымы қызметін атқарушы Лариса Пак сыбайластарымен қолға түсті. Арнайы операция өткен аптада болып, күдіктілердің  қамауға алынғанына біраз уақыт өткен.

Ал бұл істегі басты күдікті Лариса Пак министрліктің ресми сайтында өзгеріссіз, әлі де комитет басшысы болып тұр. Оның әріптестері оқиғаға қатысты пікір білдіруге асығар емес. Әзір бар ақпарат, ұлттық бюроның құрғақ хабарламасы.

“3 шілде Жемқорлыққа қарсы қызмет Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрағасы қызметін атқарушы Пакты, Павлодар облысы бойынша Фармация департаменті жетекшісі Қажынованы, Фармация комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бас маманы Имамходжаевты және бас сарапшы Ибраеваны жүйелі түрде жалпы сомасы 10 млн теңгеден асатын пара алғаны үшін ұстады”, – дейді

Миллиондарды шенеуніктер фармацевтикалық компанияларға көз жұмып лицензия бергені үшін алған. Пак бастаған топ сондай-ақ халыққа тегін үлестірілетін дәрі-дәрмекті көпе-көрнеу қымбатқа алып, қазынаны сауып келіпті. Лариса Пак ұзақ жылдар бойы денсаулық сақтау министрлігінің фармация саласында жүрді. Алпысты алқымдаған шенеунік 2002-2014 жылдар аралығында фармация комитеті төрағасының орынбасары, одан кейін төрайымы да болған. Ал қазіргі Фармация комитеті Денсаулық сақтау министрлігі қайтадан өз алдына министрлік болған кезде құрылған үш су жаңа комитеттің бірі-тін. Жаңа комитет жаңа міндеттерді мүлтіксіз орындауы тиіс еді.

“Мақсат –  отандық фармацевтикалық компанияларды қорғауымыз керек. Және де басқа да мәселелер бар. Олардың арасында біріншіден Елбасымыз тікелей тапсырма қойып жатыр. Ол дәрі-дірмектердің бағасын реттеу. Бұ л осы комитеттің жаңа міндеттері”, – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Елбасының тапсырмасын енді басқа біреу орындамаса болмайды. Лариса Пактың айыбы сотта дәлелденіп, түрмеге қамалса шенеуніктің басқа уайымы көбейеді. Аталған баптар бойынша барынан айырылып, 15 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін. Ал мынау Лариса Пактың төрт ай бұрынғы өз сөзі.

“2015 жылдан бері дәрі-дәрмек құнын ұстап тұрудың әлемдік озық механизмдері қабылданды. Соның бірі министрлік жанында құрылған арнайы формулярлы комиссия. Оның құрамында мәжіліс депутаттары, фармацевтика саласының мамандары, қоғамдық ұйымдар, кәсіпкерлер палатасы мен министрлік өкілдері бар. Комиссияның ұсынысымен министр дәрілердің шекті бағасын бекітеді”, – дейді ҚР ДСМ Фармация комитеті төрайымының міндетін атқарушы Лариса Пак.

Комиссия қандай болмасын, алайда Лариса Пак депутат, фармацевт, кәсіпкер, керек десең  Денсаулық сақтау министрінің  де өзін  сан соқтырды. Себебі, қол астында жүріп пара алды деп күдікке ілінген лауазымды  қызметкерінің шатылуы министр  Елжан Біртановқа да жақсы ат әкелмейтіні анық. Ал  еліміздің бас дәрігері  жемқорлық дауына қатысты әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Тағы да оқыңыз:

Қостанай облысында 1500 қой мен қойшысы қаза тапқан жерден түсірілген видео жарияланды

Таразда дәретханаға тасталған баланы асырап алмақшы болған жұп ұлды болды

Ұятсыз би билеген бүлдіршін қыз бен бала жұртты шошытты (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар