Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі Фармация комитетінің бірнеше лауазымды қызметкері ұсталды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті мен оның аумақтық құрылымдарының лауазымды тұлғалары ұсталды. Олар тұрақты түрде пара алып отырған деп айыпталуда.

d7201b59192efd2385ef9cf35cda2a7f-small

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлайды.

Мәліметтерге сүйенсек, фармация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Пак Л.Ю бірнеше рет 10 млн теңгеден астам пара алған. Осындай күдікпен Павлодар облысы бойынша фармация департаментінің жетекшісі Қажынова З.Ш., фармация комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бас маманы Имамходжаев П.Т., фармация комитетінің бас сарапшысы Ибраева Д.К. ұсталды.

Олар тәжірибе сертификатын беріп, заңсыз түрде ақша алған.

Сонымен қатар пара бергені үшін “Зерде” ҮЕҰ” ЖШС атқарушы директоры Жүзбаева Э.М. ұсталды.

Ұлттық бюроның мәліметінше, аты аталған тұлғалар пара алумен қоса, кепілдендірілген көлемдегі тегін медициналық көмек аясында сатылып алынған медициналық дәрі-дәрмектердің бағасын арттыру жолымен бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктелініп отыр.

Сот шешімімен Пак, Қажынова, Имамходжаев және Жүзбаева тұтқындалып, Ибраева үйқамаққа алынды.

Тағы да оқыңыз:

БҚО-да он алтыдағы қыз хат жазып қалдырып, асылып қалған

Қазақстан өңірінде жасөспірімдер “лайк” жинау үшін баланы соққыға жыққан

Гименопластика дәрігері жасанды “қыздықты” табиғидан қалай ажыратуға болатынын айтты

Талқылау