Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында жол апатынан екі айлық сәби көз жұмды

5 қыркүйек күні кешке шамамен сағат 9 жарымда Жітіқара-Пригородный автожолындағы жол апаты туралы хабарлама келіп түсті. Онда екі адам ауыр жарақат алып, екі айлық сәби көз жұмды, деп хабарлады Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі.

20160906143354

«Алдыңғы көлікті басып озбақ болған Пригородный ауылының 30 жастағы тұрғыны Rover Honda Concerto көлігімен қарсы бетке шығып, «УАЗ-бен» соқтығысты, – делінген хабарламада. – Қарсы келген жүк көлігін 44 жастағы жеке фирма қызметкері жүргізген».

Жол-көлік апатынан «Хонда» жолаушылары – 54 және 30 жастағы екі әйел түрлі жарақат алып, Жітіқара аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Сонымен бірге автокөлікте болған екі айлық сәби ауруханаға жетпей көз жұмды.

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК-нің 345-бабы, 3-бөлімі («Жолда жүру ережелерін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Жіберіп алмаңыз:

Жезқазғанда жеті айлық сәби көрпеге тұншығып көз жұмды

Өзбекстанда күйеуіне ерегіскен әйел 11 айлық сәбиін суға лақтырып жіберді

Қарағандыда мотоцикл мен автокөлік соғысып ірі жол апаты болды

Талқылау