Қостанай облысында сұрапыл жел 40 үйдің шатырын қиратып кетті (фото)

Жұма, 9 Маусым , 2017 14:37

Қостанай облысында бұршақ жауып, сұрапыл  жел тұруы салдарынан  40 үй шатырының құрылысы бүлінді.

20170609104257

«8 маусым күні сағат 17.40-та  Қостанай облыстық ТЖ департаментінің кезекшілік қызметіне Қостанай-2 тұрғын үй алабында қатты жел салдарынан үйлердің шатырлары ұшып жатқандығы жайлы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Қостанай облысы ТЖ департаменті және Қостанай ТЖ басқармасының жедел топтары жетті», – деп хабарлайды Қостанай облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

20170609104250

ТЖД қызметкерлері Қостанай-2 тұрғын үй алабында 37 жер үйдің шатыры қирағандығын анықтады. Бүлінген жерлер аумағы шамамен 1512 шаршы метрді қамтиды. Құрбан болғандар жоқ. 38 жастағы зардап шеккен әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Сағат 19.50 кезінде оқиға орнында қатты жел салдарынан бүлінген жерлерді қалыпқа келтіру мақсатында жедел штаб құрылды.

20170609104320

«Жел салдарынан қираған жерлерді қалпына келтіруге 25 техника және 85 адам жұмылдырылды. Оның құрамында  Қостанай облыстық ТЖД, Солтүстік ӨАЖҚТ, «ҚазТрансГазАймақ», «Форфайт» ЭПК, Қостанай әкімдігінің ТКШ бар», – делінген Қостанай облыстық ТЖД хабарламасында.

Тағы да оқыңыз:

Алматылықтар шет тілін тегін үйренетін болды

Сапарбаев мешітке бас сұқпайтын ақсақалдарды сынға алды

Руын айтып мақтанған кәсіпкер Сапарбаевтан сөз естіп қалды

Жазушы телевизиядағы сауатсыз қазақ журналистерді сынай отырып басшыларына назын айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.06.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар