Руын айтып мақтанған кәсіпкер Сапарбаевтан сөз естіп қалды

Жұма, 9 Маусым , 2017 14:08

Ақтөбе облысының басшысы Бердібек Сапарбаев Темір ауданына іссапармен барғанда кәсіпкерлердің жұмыстарымен танысқан болатын. Ауданда біраз жұмыс көлемін алған кәсіпкер Сапарбаевтың алдында байқаусызда руын айтамын деп басы бәлеге қалды.

18508280_23842614901900599_8635334883104784384_n

«Мен Адаймын» деп мақтанған оны әкім біраз жерге апарды. Бір жылда 1,5 млрд теңгенің жұмысын алып отырған ірі кәсіпкер ауылына демеуші ретінде бірде-бір рет көмек қолын созбаған көрінеді, деп хабарлайды «Тілші».

«Ең болмағанда кірісіңнің 1 пайызын туған жердің көркеюіне жұмсасаң нетті?! 1,5 млрд теңгенің жұмысын алады екенсің. Қазіргі кезде кәсіпкерлер мейлінше көмектесіп жатыр. Сен былтыр да, биыл да көмектеспепсің», — деді облыс басшысы әзіл-шыны аралас.

Облыс басшысының жұмыс сапары аудандық әкімдік ғимаратында қорытындыланды. Бердібек Сапарбаев таяуда облыста болған су тасқынына кімнің қалай көмектесіп жатқанын айтып өтті.

«Маңғыстаудың мұнайшылары 52 миллион теңге аударыпты. Өзге жақтың кәсіпкерлері де қарап қалмады. Тіпті, Тараздың университеті 4 миллион беріп жіберіпті. Ал біздікілер «жағдай қалай болады екен» деп тосып отырады», — деді бұл жолы ренжіген кейіп танытқан Бердібек Сапарбаев.

Тағы да оқыңыз:

Жазушы телевизиядағы сауатсыз қазақ журналистерді сынай отырып басшыларына назын айтты

Танымал қазақ әншісі Түркия көшесімен жартылай жалаңаш күйде жүріп өтті (видео)

Тарауық намазының пайдасы қандай?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар