Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында 15 жастағы қыз сифилис жұқтырып алған

Қостанай облысында 15 жастағы қыз сифилис жұқтырып алған. Бұл жағдай Қостанай облысының Жітіқара қаласында орын алған.

Қостанай облысында 15 жастағы қыз сифилис жұқтырып алған

Сурет: Sputnik Әзірбайжан

Бұл туралы «Алау» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Баланың ауруды жұқтыруына жол берілген. Қыз 15 жаста. Сифилис диагнозы қойылды», – дейді әкімдіктің денсаулық сақтау басқармасының басқарушысы Еркін Дәуітбаев.

Облыстық әкімдіктегілер өңірде АИВ инфекциясының таралуы күрт өсенін атап өтті. Өткен жылы 3 айда қауіпті дертті жұқтыру жағдайы 20 болса, биылғы жылдың басынан бері 57 жағдай тіркелген.

Ал ЖИТС орталығындағылардың айтуынша, ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі жаһандық қор халықтың әлеуметтік тұрғыда әлсіз топтарына ине және жыныстық қатынас кезінде сақтануға арналған құралдарды тегін беруді тоқтатқан.

Өз кезегінде дәрігерлер жылына 2 рет АИВ инфекциясын анықтайтын талдаудан өтуге кеңес берді.

Оқи отырыңыз:

Ғалымдар: Етті шамадан тыс пайдалану қатерлі ісікке әкеледі

Алматы тұрғыны: Тамағы ауырып емханаға түскен ұлым дәрігерлердің кесірінен көзі көрмей, құлағы естімей қалды

Мен өзім қалаған әйелге үйлендім: Бауыржан Момышұлы жайлы естелік

Бәрі жалған: Мәскеу университетінің 4-қабатынан құлап кеткен қыздың анасы халыққа үн қатты

Талқылау