Ғалымдар: Етті шамадан тыс пайдалану қатерлі ісікке әкеледі

Жақында ғалымдар күтпеген тұжырым жасады. Өңделген және қызыл етті шамадан тыс пайдалану ағзаға қауіпті. Тіпті, бұл өнім қатерлі ісікке әкелетін факторлардың бірі болуы ықтимал.

Ғалымдар: Етті шамадан тыс пайдалану қатерлі ісікке әкеледі

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды

Онколог-дәрігерлер де бұл пікірмен келіседі. Дегенмен, обырдың өршуіне адамның тамақтануы ғана емес өмір сүру салты да әсер ететінін ұмытпау керек,- дейді олар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпарынша, өңделген және қызыл етті шамадан тыс пайдалану адам ағзасына қауіпті. Кейбір зерттеулер аталған өнімдердің қатерлі ісік ауруларын қоздыратынын дәлелдеген.

Онколог-дәрігерлер бұл пікірді жоққа шығармайды. олардың айтуынша,  қақталып, тұздалған шұжықтар мен түрлі консерванттар қосылған тағамдар адам денсаулығына аса зиянды. Сондықтан мұндай өнімді өлшеп жеу керек,-дейді.

«Біз енді қазақ болғаннан кейін ата-бабамыздан қалған салт-дәстүр, әдет-ғұріп дейміз бе, білмеймін, соғым сойғаннан кейін соғым етін көп сақтау үшін біз оны сүрлейміз. Сол сүр етімізді көктемге дейін сақтап, сосын оны пісіріп жейміз. Әрине, бұл еттің тұзы көп. Сондықтан олардың бәрі қатерлі ісікке және де басқа да, мысалы, ас қорыту жүйесі ауруларына әкелуі мүмкін», – дейді Павлодар облыстық онкодиспансерінің бөлімше меңгерушісі Қазбек Қарабаев.

Қатерлі ісік деңгейі бойынша, алғашқы үштікте тұрған Павлодар өңірінде 11 мың науқас дәрігердің жіті бақылауында. Жылына 2 мың тұрғын обыр диагнозымен есепке алынса, 100 мың адамға шаққанда облыста 141 науқас бұл дерттен бақилық болады. Аурудың көшбасында сүт безі ісігі, одан кейінгіде өкпе, тері обыры және асқазан дерті келеді.

Оқи  отырыңыз:

Алматы тұрғыны: Тамағы ауырып емханаға түскен ұлым дәрігерлердің кесірінен көзі көрмей, құлағы естімей қалды

Мен өзім қалаған әйелге үйлендім: Бауыржан Момышұлы жайлы естелік

Бәрі жалған: Мәскеу университетінің 4-қабатынан құлап кеткен қыздың анасы халыққа үн қатты

Прокурорлар ЭКСПО-ның бұрынғы басшысы түрмеде VIP-камерада отыр дегенге қатысты жауап берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар