Көшпенділер ойынындағы ай жүзді сұлулар (фото)
Әдемілікке жаны құмар жандар ең сұлу деген қыздарды қашан да айға теңеген. Қазақ халқы дүниеге келген қызға «айдай нұрлы» болсын деген ниетпен Айнұр, Айару, Айбаршын, Айгүл, Айжан, Айкерім, Айдана, Айсұлу, Айғаным сынды есімдерді жиі қояды.
Жалпы сұлулыққа көзқарас әр елде әртүрлі. Алайда ертегі ханшайымына ұқсас мынадай ару жүзіне қараған сәтте қай елдің болсын азаматы үнсіз өтіп кете алмас.
Қырғызстандық Sputnik басылымы бүкіләлемдік көшпенділер ойынының ең тартымды қатысушыларын жариялады.
Көшпенділер ойыны әйгілі Ыстық көл жағалауында өтуде.
Оған әлемнің 53 мемлекетінің спортшылары қатысуда.
Қазақстан құрамасының атынан аталмыш бәсекеде 75 спортшы өнер көрсетеді. Ойындар ертең, 8 қыркүйекте аяқталады.
Қазақстан құрамасы әзірге 5 алтын, 3 күміс, 6 қола медальмен үшінші орында келе жатыр. Бірінші орын – Ресей спортшыларының еншісінде.
Алайда сайысты ұйымдастырушылар бұл ойынның басты фавориті ретінде біздің спортшыларымызды атаған.
Жіберіп алмаңыз:
Мұхтар Ниязов Көшпенділер ойынында айтыстан гран-при жүлдесін жеңіп алды