Көршісінің дәретханасын 20 жыл тазалағанын естігенде мұсылмандықты қабылдаған
Табиғин Хасан Басридің христиан көршісі болған екен. Сол көршісінің үйінің төбесінде салған дәретханасы бар екен. Дәретханадан Хасанның үйіне қарай арнайы тесік ойып қояды.

Сол тесіктен күніге Хасанның үйіне кіші дəрет сындырып жүреді. Мұнысын байқаған Хасан тесіктің астына арнайы ыдыс қойдырады. Ыдыс толғанда төктіріп жүреді. Сонымен бұл іс жиырма жыл жалғасады. Күндердің бір күнінде Хасан сырқаттанып қалады. Көршісі көңілін сұрауға келеді. Ауланың ішкі жағына кіргенде өзінің сорақы ісін көреді. Тесіктің астындағы шелекті көреді. Хасанға қарап: “Мына сорақы ісіме қаншадан бері шыдап жүрсің?” деп сұрайды. Хасан: “Жиырма жылдан бері” деп жауап қатады. Христиан істеген ісіне қатты өкініп белбеуін кесіп жіберіп, мұсылман болған екен.
muftyat.kz
Жіберіп алмаңыз:
Ресейлік танымал актер бір ай бойы Құранды оқып, ислам дінін қабылдады
Талақ айту шарттары: Ерлі-зайыптылар қандай жағдайда ажыраса алады
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"