Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көріпкел мысық Ресей-Сауд Арабиясы матчын болжап берді

Көріпкел мысық Ресей мен Сауд Арабиясы арасындағы матчқа болжам жасады.

Ахилл есімді мысық футболдан Ресейдің жеңетінін болжады. Бұл 1:0 есебіне тең деген сөз. Мысық таңдау жасау үшін екі табақ қойылып, тамақ салынды. Мысық сәл кідіріп барып, Ресей жалауы бар табақтан ас ішті.

Бұл мысық былтыр Ресей мен Жаңа Зеландия арасындағы матч қорытындысын дәл болжап берген. Сондықтан болжамына сенетіндер көп.

Айта кетсек, әлем чемпионаты 14 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді. Чемпионатқа 32 ұлттық құрама қатысатын болады. Ойындар Ресей Федерациясының 11 қаласындағы 12 стадионда өтеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау