«Қорғаста» жантүршігерлік кісі өлімінен кейін де қауіпсіздік шаралары күшейтілмеген

Жұма, 9 Маусым , 2017 9:42

Кеденшілер мен шекарашылар туристердің тәртібіне жауап бермейді. Тек күн сайын келетін мыңдаған азаматтың құжаттары мен тауарларын тексереміз деп отыр, деп хабарлайды КТК.

khargos

Оның өзінде суық қару мен басқа да қауіпті зат алып өткендерді анықтау мүмкін емес. Тұтас бөлімше болып ашылған полицейлерден де қайыр шамалы.

«Қорғас» халықаралық сауда орталығына күніне кем дегенде үш мың адам кіріп шығады екен. Бірақ әр адамға бір айда 50 келі артық зат алып шығуға тиым салынған. Соған қарамастан саудагерлер әр кірген сайын мынандай түйіншектерді тонналап тасудың жолын тапқан. Бірақ оны бақылап жатқан жан жоқ.

Өйткені, шекарада әлі тәртіп жоқ. Төрт күн бұрынғы кісі өлімінен кейін де қауіпсіздік шаралары күшейтілмеген. Қылмыс болған жердегі қан іздері сол күйінде жатыр. Бірақ кеден бекетіндегі қызметкерлер бұған бас ауыртпайтын секілді. Құзырлы органдар мен «Қорғас» халықаралық сауда орталығының басшылары бар жауапкершілікті бір-біріне сілтейді.

“Бұл жерде әр мемлекеттік орган өз міндетін атқарады. Біз инвестиция тарту, шаруашылық жұмыстарға жауаптымыз. Ал шекарашылардың өз міндеті, кеденшілердің өз жауапкершілігі бар”, – дейді «Қорғас» шекара маңы халықаралық сауда орталығының президенті Қаһарман Жазин.

Ал Қорғастағы шекарашылар көрше елге сауда жасауға кірген халықтың тек құжаттарын тексеруге құқылымыз дейді. Кеденшілер болса, жүк тасымалына жауапты екен. Сондықтан саудагерлердің сөмкесін қарап, салмағын өлшеумен әлек болып жүр. Бірақ бұл бекеттен кез-келген адам қару ұстап емін-еркін өтіп кете алады. Өйткені мыңдаған туристі жеке-жеке тексере алмаймыз деген кеденшілер суық қарудың бар-жоғын анықтайтын арнайы құрылғыларымыз да жоқ деп қол қусырып отыр.

“Қазір вокзал, әуежайларда тұрады ғой металл іздейтін құрылғылар. Сондай бізде жоқ. Біз адамды тексере алмаймыз. Жүгін ғана тексере аламыз. Қаруларды қалталарына салып алса көре алмаймыз”, – дейді «Алтынкөл» кеден бекетінің бас маманы Серік Дайыров.

Осылайша адам аяғы көп жүретін жерде қауіпсіздікке жауапты жан табылмады. Ең қызығы «Қорғас» халықаралық сауда орталығында өзінің жеке полиция бөлімшесі бар екен. Мұнда шамамен 75 адам жұмыс істейді. Бірақ алып ғимаратта екі кезекші қызметкерден басқа ешкім жоқ. Ал басшылары сұхбат беруден бас тартты. Сондықтан сауда-саттық қызып тұрған шекаралық аумақта алып-сатарлар мен заңсыз тауар тасымалдаушылардың дәурені жүріп тұр.

Бұған дейін “Қорғас” шекара бекетіндегі адам өліміне әкелген төбелестің видеосын жариялаған едік.

Тағы да оқыңыз:

Ата-анасы өзін «Пайғамбар» санаған ер адамға 6 қызын сексуалды құлдыққа берген (фото)

Ата-анасы телефон алу үшін 2 жасар ұлын сатып жіберді (фото)

Мұсылман жігіті 64 христианды өлім жазасынан құтқарып қалды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар