“Қорғас” шекара бекетіндегі екі жігіт арасындағы төбелес адам өліміне соқтырды (видео)

Дүйсенбі, 5 Маусым , 2017 10:33

Алматы облысындағы халықаралық “Қорғас” шекара бекетінде екі ер адам арасындағы қақтығыс болып, оқиға оның бірінің өлімімен аяқталды. ІІІ болған жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Безымянный

“4 маусым күні 15:40-та “Қорғас” шекара бекетінде суық қару қолдану арқылы екі ер адам арасында қақтығыс болды. Оның бірі Қазақстан азаматы Диас Ернарұлы Кәрібжанов. Ол Көктал ауылының тұрғыны. 1995 жылы туған. Екіншісі Қуаныш Берікұлы Төлегенов. Әулиеағаш ауылының тұрғыны. 1992 жылы туған”, – деп хабарлады полиция.

Құқық қорғау органдарының айтуынша, оқиға нәтижесінде төбелесті бастаушы Төлегенов алған пышақ жарақатынан көз жұмған. “Адам өлімі” бойынша сот алды тексеріс басталып кетті. Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалған. Қақтығыс бейнебақылау камерасының назарына ілініпті.

Оқи отырыңыз:

Алматыда жер сілкінісі болды

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 4 адам бақилық болды

БҚО-да емтиханнан төмен баға алған оқушы өзіне қол жұмсады

80 жастағы әжей соққыға жығылып ес-түссіз жатқан жалғыз немересінің өмірі үшін күресіп жатыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    Онын кай жеры кудыкты егер накты сол екены камерага тускен болса ары озы мойындап турган болса?Айыпталушы деу керек .Мундай ешектерды озынын куйрыгына тыкпыштап сол пышакты тастаса болар ма еды.Еркекше тобелесепей пе екен

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар