80 жастағы әжей соққыға жығылып ес-түссіз жатқан жалғыз немересінің өмірі үшін күресіп жатыр

Дүйсенбі, 5 Маусым , 2017 10:24

80 жастағы Күлжиян Ғабдуллинаның мына әлемде жалғыз немересі Дәуреннен басқа ешкімі жоқ. Дәурен ата-анасынан айырылған кезде жасы 6-да болыпты. Сүйікті әжесі сол уақыттан бері оған әкесі де, анасы да болып келе жатыр.

20170601dayren1_0

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Дәурен де әжесінің үмітін ақтау үшін Евразия ұлттық университетіне оқуға түсіп, Астанадан жұмыс та тапқан. Оқыстан келген оқиға екеуін де есеңгіретіп тастады. Күлжиян апа қазір Дәуренді қасықпен тамақтандырып, қайтадан сөйлеуге үйретіп отыр.

Дәурен 2010 жылы университетті бітіргеннен кейін маркетинг саласында өз күшімен жұмыс тапқан. Ол 2016 жылы ірі құрылыс фирмасының маркетинг бөлімін басқарып, баспана алуға кезекке тұрады. Осы арқылы әжесін қасына алып келгісі келген.

2017 жылы 23 қаңтарда түнгі уақытта досының туған күнінен қайтып келе жатқанда оған белгісіз адам келіп темекі сұрайды. Қарсылық танытқаннан кейін олар жабыла ұрып, теуіп, қалтасындағы заттарды түгел алып кетеді.

“Ертесіне жұмысқа полиция келіп, Дәуреннің ауруханада екенін айтты. Ол көшеде ес-түссіз бірнеше сағат жатып қалған екен. Қандай да бір ғажайыптың күшімен ол орнынан тұрып, көлік тоқтатқан. Ал таксист дереу жедел жәрдем шақыртыпты. Оның түрінің қандай болғанын сипаттаудың өзі қорқынышты. Ол басынан өте ашық жарақаттар алған. Дәрігерлер оның тірі қалуына үміт өте аз деп бағалады”, – дейді әріптесі Салтанат.

“Дәрігерлер апаны Дәуренге кіргізуге қорықты. Өйткені, оның жағдайы тым нашар болған. Бірақ, Дәурен әзер дегенде есін жиды. Басында ол ешкімді танымаған, бірақ біртіндеп өз-өзіне келе бастады”, – деп жалғастырды әріптесі.

Жігіттің жағдайына қарамастан құқық қорғаушылар оқиғаның қалай болғанын анықтай алған. Әріптесінің айтуынша оны ұрған жігіттің бірін қамапты. “Біз сотта болды. Ол әскерден келгеннен кейін еш жерде жұмыс істемеген екен” дейді ол.

Алматы аудандық №2 сотының мәліметінше әлгі адам Дәуренге шабуыл жасардан бір апта бұрын тағы бір жігітті солай ұрып, телефонын тартып алыпты. Абырой болғанда ол зардап шегуші қатты жарақат алмай, сотқа қатысқан.

Сот Дәуренге шабуыл жасағандарды 8 жылға соттаған.

“Екінші адамның да шабуылға қатысқанын дәлелдеу мүмкін болмады. Бастапқыда ол жәй куәгер ретінде келді. Айтуынша ол дүкеннен шыққанда төбелесті көріп, ажыратпақшы болыпты. Оны енді тек ұрлық және қауіпті жағдайда қалдыру бойынша айыптап отыр. Бірақ, сот әлі болмады,” – дейді Салтанат.

Осылайша Күлжиян апа өзінің 80 жасын ауруханада немересінің қасында қарсы алды. Дәурен енді қазір қайтадан сөйлеуге, тамақ жеуге үйреніп жүр. Оның бас сүйегіне әлі бір операция жасалуы тиіс.

“Мамыр айының басына дейін Дәуренді тегін емдеді. Енді қалған ем-домы үшін ауруханадағы әр тәулікке 30 мың теңге төлеу керек. Бізде ондай ақша жоқ. Дәуреннің фирмасы көмектесіп жатыр. Бірақ, әрі қарай не істерімізді білмеймін”, – дейді Күлжиян Ғабдуллина.

Қатты уайымнан әженің өзінің де денсаулығы нашарлап ауруханаға түсіп қалған. Бір-екі күннен соң қайтадан немересінің қасына ораламын деп отыр.

Ғабдуллиндердің отбасына көмектесу үшін достары мен әріптестері әлеуметтік желі арқылы қаржы жинап жатыр. Ал дәрігерлердің айтуынша Дәуреннің толықтай жазылып, аяққа тұруы үшін 1-2 жылдай уақыт керек.

P.S. Егер сіз де Дәуренге көмек бергіңіз келсе, онда қаражатты Күлжиян Ғабдуллинаның атына аудара аласыз: ЖСН 370410401801, Kaspi банк картасы 5169 4901 3006 0667.

Оқи отырыңыз:

Алматыда жер сілкінісі болды

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 4 адам бақилық болды

БҚО-да емтиханнан төмен баға алған оқушы өзіне қол жұмсады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар