Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 4 адам бақилық болды (видео)

Орал – Ақсай тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды. Оқиға Бөрлі кентіне жақын маңда болған, деп жазады Мой город.

whatsapp-image-2017-06-02-at-20.47.29-800x600

Жол апатына  4 адам бақилық болып, 9-ы түрлі дене жарақатын алған. Жараланғандар Бөрлі аудандық ауруханасына жеткізілді.

Апаттан 1980, 1975, 1997 жылы туған әйелдер мен 1987 жылғы жүргізуші жігіт көз жұмды. Үш адам оқиға орнында мерт болды. Бір адам емханада қайтыс болды.

«Volkswagen Sharan маркалы қос минивен бір-бірімен бетпе-бет соқтығысты. Көліктердің бірі аса жылдам жылдамдықпен келіп, жолдың қарама-қарсы бағытына шығып кетті. Қос таксидің ішінде жолаушылары бар еді», – дейді куәгерлер. Қазір жергілікті полиция жол апатының себебі мен кінәлілерді анықтап жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстандық азамат Мақсат Үсеновтің ұшақтағы тәртіпсіздік әрекеттерін айтып берді (видео)

Журналист Сәуле Әбединова өзіне қарсы уәж айтқан Меруерт Өтекешованың сынына жауап берді

БҚО-да емтиханнан төмен баға алған оқушы өзіне қол жұмсады

Талқылау