Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ата-анасы өзін «Пайғамбар» санаған ер адамға 6 қызын сексуалды құлдыққа берген (фото)

Американың Флорида штатында 51 жастағы Ли Капланға қатысты сот басталды.

xw_1414308

Ол бірнеше жыл бойы Данила мен Савилла Столцфустың 6 қызын сексуалды құлдықта ұстап келген. Оған қыздарды ата-анасының өзі сый ретінде беріпті.

Қыздардың жасы 7 мен 19 жас аралығында. Олардың кейбірі өзін «Пайғамбар» санаған ер адамға бала туып берген. Ер адамның барлығы 12 әйелі бар. Оның 6-уы осы жас қыздар.

Сотта қыздардың ата-анасы Ли Капланның қыздарына қалай қарайтынын білгендерін айтты. Олар бір кездері 7 жастағы қыздарына Ли Капланға тұрмысқа шығуға өздері ұсыныс айтқан.

Lee-Kaplan

Қыздардың ер адаммен қанша жыл бірге тұрғаны белгісіз. Ол қыздарды ауласынан асырып ешқайда шығармаған. Қыздар бос уақытында үй шаруасымен айналысып, бақша тазалаған. Ең кіші қыздар «үй жағдайында оқумен» айналысты.

Бұл жайлы сотқа шағымды көршісі берген. Ол сырттай қарап көрші үйде қорқынышты оқиғалар болып жатқанын сезген.

«Бірнеше рет бақшада жұмыс істеп жүрген әйелдерді көрдім. Олардың жүзі сынық, әрі үрейлі болды. Сондықтан бұған қандай да бір себеп бар деп ойладым», – дейді көршісі.

Егер сот Капланды кінәлі деп тапса, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылады.

Тағы да оқыңыз:

Ата-анасы телефон алу үшін 2 жасар ұлын сатып жіберді (фото)

Мұсылман жігіті 64 христианды өлім жазасынан құтқарып қалды (видео)

Адамды мерт қылуға қауқары бар ең қауіпті 25 жәндік (фото)

Талқылау