Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамды мерт қылуға қауқары бар ең қауіпті 25 жәндік (фото)

Жер бетінде миллиондаған жәндік бар. Олардың ішінде бірталайы адамға зиянсыз, алайда улы жәндіктер де кездеседі. Кейбірінің уы адамды ажал құштыруға дейін қауқарлы.

Термиттер

termites15

Термиттердің адамға тікелей зияны жоқ. Олар қоршаған ортада маңызды рөл атқарады. Термиттерді азық өнімдеріне қосатындар бар.

Бит

insects021

Биттер – қанатсыз паразиттер. Олар адамның терісімен, қанымен, адам ағзасындағы өзге де сұйықтықтармен қоректенеді. Биттерді көбіне адамдардың өздері жұқтырады. Табиғатта биттердің 15 түрі кездеседі. Биттер адамға айтарлықтай зиян келтірмейді, алайда ауру таратуы мүмкін.

Таскене

insects03

Жыл сайын кенелер Лайма дертін қоздырып жатыр. Бұл дерт кененің шағуынан басталады. Адамның жүрегі айнып, басы айналып, соңында жүрек ауруымен ауырады.

Құмырсқа

1355308

Кезбе құмырсқалар өзге құмырсқалар секілді илеу жасамайды. Олар күні бойы әрі бері кезіп жүріп, жәндіктер мен майда омыртқалыларға шабуыл жасайды. Құмырсқалардың бәрі бірігіп бір күнде жарты миллион жәндік пен кіші жануарларды өлтіре алады.

Ара

insects05

Аралардың көпшілігі адамға айтарлықтай зиянды емес. Бірақ олардың Солтүстік Америкада кездесетін неміс арасы үлкен көлемді әрі агрессиялы келеді. Олар өз аумағынан көрген тірі жанды аяусыз шағады. Олардың шаққаны да ауыр. Тіпті жауының ізіне түсіп, біразға дейін аңдып жүреді.

insects06

Қара бүйе

Қара өрмекшінің аналығы шаққанда денеде нейтротоксиндер қалатындықтан, тез арада медициналық көмекке жүгіну керек. Қара бүйенің уынан көз жұмған адамдар бар.

Шашты құрт

insects07

Шашты құрт Megalopyge opercularis сырт көзге әдемі көрінеді. Алайда олар улы келеді. Оның уы тікендерінде. Оған жақындағанда денеге уы жабысып, адамның басы ауыра бастайды. Дем арасында іші ауырып, тынысы тарылады.

Тарақан

insects08

Тарақандардың зиянды жақтарын бәріміз білеміз. Олар бактерия таратушы жәндіктер. Олар туберкулез бен қотыр, бактерия мен вирус таратады. Тарақандар бір ай шамасында тамақ жемей де өмір сүре алады.

insects09

Құрт-паразиттер

Паразит құрттары – эукариоттік паразит түрі. Олар адамның асқорыту жолдарында өмір сүреді. Адамның ұйқысыздыққа шалдығып, жүрек айнуының себебі сонда.

Қандала

insects10

Қандалалар ауру таратпайды, бірақ олар өз ағзаларындағы қоздырушыларды ұзақ сақтайды. Қан арқылы вирусты В гепатитін, қышыма, безгек ауруларын жұқтырады. Қандала шаққан адам ұйқыдан айырылып, күш-қуатын жояды. Қандала қанға жетпейінше бірнеше рет тістей береді. Қандаланың шаққан орны қышып, беті күлдіреп кетеді. Кей адамдардың қандала шаққанда аллергиясы қозады. Адамдардың 70 пайызы қандаланың шаққанын сезбейді.

Бөгелек

insects11

Бөгелектердің адамдарға қауіпті паразит тарататын дернәсілдері болады. Бөгелектер әдетте москиттер арқылы тарайды. Москиттер адамға жақындағанда дернәсілдерін тастайды. Бірнеше күннен кейін оның орны инфекция тудырады.

Қырықаяқ

0vKyIPCXYaE

Қырықақтар болжам бойынша Жерорта теңізінде тараған. Кей деректерде Мексикадан тараған деп жатады. Олар өзге зиянды жәндіктерді, тіпті өрмекшіге дейін жеп қояды. Адамдар қырықаяқтарды түрінің ұсқынсыздығынан өлтіріп жатады. Басқа елдерде бұл жәндікті өлтірмей, қорғайтындар бар.

Шыбын өлтіргіш бұл жәндік жемтігіне уын жіберіп, сосын өлтіреді. Үйлерде мекендейді. Олар жиһаздар мен тамаққа зиян келтірмейді. 3 жылдан 7 жылға дейін өмір сүреді. Жаңа туғанда 4 аяқпен туылып, кейін көбейіп отырады. Қырықаяқтар шаққанда қатты ауыртпайды. Алайда жыл сайын қырықаяқ уынан көз жұматын адамдар бар, бірақ сирек кездеседі.

insects13

Қара шаян

Шаяндар жәндіктерге жатпағанымен өрмекші тәрізділер тобына жатады. Қара шаяндар шаяндардың ішіндегі ең қауіптісі. Олардың қанаты жуын, аяқтары жіңішке келеді. Қара шаяндардың уы адамды сал қылуға дейін барады.

Жыртқыш жәндік

insects14

Олар әдетте ұсақ жәндіктер мен жануарардың, тіпті адамның қанын ішеді. Олар Чагаса дертін жұқтырады. Жәндік, әсіресе, кедей елді мекендерінің адамдарына залал келтіруде. Ежелгі үнді тайпаларында салт бойынша жасөспірім балаларды құмырсқаларға шақтырған. Құмырсқа уынан нейтротоксиндер бөлінетіндіктен адам сал болып қалуы да мүмкін.

Отты құмырсқалар

insects15

Paraponera clavata құмырсқа түрі шаққанына байланысты оқ құмырсқалар аталып кеткен. Олар шаққанда адам қарумен атқандай әсер алады.

Бразиялиялық өрмекші

insects16

Оңтүстік Америка мен Орталық Америкада мекендейтін бұл өрмекшілер 2010 жылы ең улы өрмекші ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Оның уының құрамында PhTx3 деп аталатын нейтротоксин бар. Нейтротоксин адамның тыныс алуын нашарлатып, сал қылады. Уы ағзаға тез әсер етіп, 58 пайыз жағдайда адамның жүрегі тоқтайды. Олардың уына қарсы екпелер бар.

Безгекті москиттер

insects17

Қос қанатты жәндік адамдарға безгек ауруын таратады. Ауру жұқтырған шіркейлердің ағзасында безгек дерті 4-10 күнде пайда болады. Олар жануарлар арасында да безгек таратушы жәндіктер.

Тышқан бүргесі

insects18

Бүргелер қотыр ауруын таратын қауіпті паразиттер. Тышқандар мен өзге жануарларда кездеседі. Олар ауруды бір біріне жұмыртқа арқылы тасымалдайды.

Африкалық аралар

insects19

Бұл аралар Бразилиядан Африкаға 1950 жылдары бал өндірісін қолға алу мақсатында әкелінді. Кейбір африкалық араларды жергілікті европалық аралармен будандастырды. Олардың кәдімгі аралардан айырмашылығы – ұясында қорғаушы зат түзеді. Африкалық аралар адамдар мен жануарларды шағып өлтірген. Сол себепті қанішер ара аталып кеткен.

Бүрге

insects20

Бүргелерді ел қауіпті деп санамағанымен олар жануарлар мен адам арасында ауру таратады. Соның ішінде қотыр дертін жаяды.

Қоңыр дуана өрмекші

insects22

Олар қара бүйелер секілді нейтротоксиндер бөлмейді. Олардың шаққан жері бірнеше ай бойы жазыла қоймайды. Шаққан жері екпе инесінің ізіндей болады. Сондықтан көп адам аңғара бермейді. 2-8 сағат аралығында ғана шаққаны білінеді. Кейін қан құрамындағы удың көлеміне байланысты ұлғая береді. Олар кішкентай баланы не егде жастағы адамдарды шақса, уы қатты әсер етеді.

Сиафу құмырсқалары

insects23

Олар әдетте Шығыс, Орталық Африкада, тропикалық Азияда мекендейді. Олардың 20 млн түрі кездеседі. Қызығы – олар көрмейді. Феромондарың арқасында жүреді. Әскерлер аталып кеткен құмырсқалардың жағы берік болады. Африкада оларды жарақатты таңуға пайдаланады. Адамға айтарлықтай зияны болмағанымен, иммунитеті әлсіз адамдардың осы құмырсқалардың уынын көз жұмғаны кезі болған. Мәліметтерге сәйкес, жыл сайын 20-50 адамға дейін құмырсқа уынан мерт болады. Құмырсқалар илеуін бұзған жағдайда осылай қатты шағып алады.

Алып азиат арасы

insects24

Бұл үлкен ара. Ұзындығы 5 см, қанаты 7,5 см болады. Олар Жапонияның таулы аймақтарында, Шығыс Азияда кездеседі.

Араға аллергиясы бар адамдар оның уынан өліп кетеді. Жыл сайын алып аралардың уынан 70 адам көз жұмады.

Цеце шыбыны

insects25

Африканың субтропикалық, тропикалық аймақтарында, Сахарада кездесетін шыбын жануарлар мен адамдарды ұйқысыздыққа әкелетін ауру таратады. Жер бетінде олардың 21 түрі бар. Ұзындығы 9 мм-14 мм-ге дейін барады.

Африкада осы шыбындардың кесірінен ұйқысыздық дертіне шалдыққан 500 адам қайтыс болды. Ұйқысыздық ауруы жүрек, қантамыр ауруларын туғызады.

Адамзат бұл шыбынның көзін жоюға күш салып келеді. 30 жылдары шошқалардың бәрін жойып жіберді. Алайда 20 жылдан соң шыбындар қайта пайда болды. Қазір шыбындарды құрту үшін жабайы аңдарды өлтіріп, шыбындар көбейетін ағаш-бұталарды кесіп, радияция жіберу арқылы күресіп жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Испанияда екі басы бар белгісіз жәндік табылды (видео)

Видеода жәндіктердің қалайша ауыр шағатынын көрсетті

Талқылау