Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Испанияда екі басы бар белгісіз жәндік табылды (видео)

Испаниялық Лухан Эролес өз ауласынан екі басы бар белгісіз жәндік тауып алған.

16665177_1448028451876480_8253159549034691989_o

Бұл туралы Daily Mirror хабарлайды.

Жәндік бір қарағанда ұзындығы 10 сантиметрге жететін жыланға келіңкірейді. Эролестің айтуынша, оның үш көзі және ерекше қабыршағы болған. “Мен ондай жәндікті өмірі көрмеппін, бір қарағанда жыланға ұқсайды” дейді Эролес.

Әйел оны мутант деп болжаған. Сосын дереу видеоға түсіріп алып, Фейсбукте жариялайды. Ә дегеннен видео 20 миллионнан астам қаралым мен 10 мыңнан астам лайк жинайды.

Көптеген желі қолданушылары әйелдің кездестіргені жылан емес, ірі жынды көбелекке ұқсаған жұлдызқұрт деп болжайды.

Жынды көбелек – бұл Европа мен Азияда кең таралған көбелек. Оның жұлдызқұрты 7,5 см-ге дейін ұзарып өседі. Олар көбіне түнде жүргендіктен, адамдардың көзіне сирек ілігеді.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында 20 жастағы биші жігіт қошқарды 230 рет көтеріп жеңімпазатанды (видео)

Американдық азамат қазақтың ұлттық ойындарын ойнап жүйке ауытқуына ұшырады (видео)

Ақтауда қоғамдық дәретхана опырылып балалар астында қала жаздады (видео)

Қытайлық жүргізуші 20 орындық автобусқа 74 баланы отырғызып көлік айдаған (видео)

Талқылау