Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қордай маңындағы жантүршігерлік апат: Автобус жүргізушісі тұтқындалды 

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған жолаушылар автобусын тізгіндеген 44 жастағы жүргізуші тұтқындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Қордай маңындағы жантүршігерлік апат: Автобус жүргізушісі тұтқындалды 

Сурет: Facebook/"ОСА" тобы

Қордай маңында орын алып, 11 адамның өмірін жалмаған ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Автобус жүргізушісі 20 сәуірде тұтқындалған. Сол күні ол күдікті ретінде танылып, жасаған әрекеті ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағына (Көлік басқарған адамның екі немесе одан көп адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы тәртібін немесе көлікті пайдалану ережесін бұзуы) сәйкес бағаланыпты. 

22 сәуірде Қордай аудандық соты күдіктіні 2 ай мерзімге қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын санкциялады. 

Сонымен қатар Toyota Camry көлігінің жүк көлігімен соқтығысып, 30 жастағы әйелдің көз жұмуына қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағына (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) сәйкес іс қозғалған. 

«Еске сала кетсек, аталған көліктер соқтығысқаннан кейін, сол бағытта артынан келе жатқан автобустың жүргізушісі кедергіден қауіпсіз айналып өту шараларын қабылдамай, көлікті басқара алмай, салдарынан автобус аударылып қалды. Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша жедел тергеу тобы тергеу жүргізіп жатыр», - делінеді хабарламада. 

Еске сала кетсек, бүгін, 20 сәуірде Алматы-Ташкент тасжолында ауыр жол апаты болды. "Тойота камри" маркалы көлік сол бағытта жүріп бара жатқан жүк көлігіне соғылды. Тасжол бойында апатқа ұшыраған көліктердің артынан келе жатқан автобус оларға соғылмайын деп әрекеттеніп, салдарынан жолдан шығып құлап кеткен. 

Талқылау