Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көптің сауалынан мезі болған Аша қашан босанатынын айтты

Аша Матай жолдасы екеуінің расымен де сәби күтіп жүргендерін айтты. Мұнымен қатар, желі қолданушыларынан жеке басына қатысты тақырыптардағы сұрақтармен мезі етпеуді сұрады.

image

Фото: instagram.com/asha_matai/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Отандық продюсер Әділ Лиян Аша Матайды көптің сөзінен қорғаймын деп артық айтып қойған-ды. Ол жұлдызды жұптың көптен жасырған құпиясын жайып салған болатын. Десе де, бұдан кейін Аша мен Арман жүктілікке қатысты сұрақтарға жауап беруден бас тартқан болатын. Бүгін Аша Матай расымен де сәби күтіп жүргендерін ашып айтты. Мұнымен қатар, осы тақырыпқа қатысты сұрақтармен мезі етпеуді сұрады.

“Достар, Арман екеуіміз расымен де жуырда сәбилі боламыз. Бірақ әлі босанған жоқпын! Ізгі ниеттеріңіз бен жылы тілектеріңіз үшін көп рахмет. Бақытты болыңыздар. Осы тақырыпқа қатысты сұрақтар мен әртүрлі мазмұндағы пікірлер жиі айтылатындықтан барлығын ашып айтуды жөн көрдім.

Сіздерден “Қыз ба, ұл ма?”, “Қашан босанасыз?”, “Қай жерде босануды жоспарлап жүрсіз?” сынды сұрақтар қоймауларыңызды сұраймын. Бұл жеке басыма қатысты мәселелер болғандықтан, маған түсіністікпен қарайсыздар деген үміттемін. Бұдан өзге ақпарат құпия болып қалғаны дұрыс”, – дейді Аша Матай.

Бұл жаңалықты тележүргізушінің өз аузынан естіген желі қолданушылары қуанып қалды. Бұдан былай артық сұрақ қоймаймыз дегендер де болды.

“Дұрыс айтасыз! Шын жүректен құттықтаймын”, “Қыз болса да, ұл болса да, аман болсын!”, “Қыз баланың мақсаты – ана болып, әйел бақытын сезіну. Ал жүкті әйел – ең сұлу әйел! Алла өзі берген түйінді өзі шешеді. Бір Аллаға сеніп аман-есен босан” дейді олар.


Жіберіп алмаңыз:

Аша Матай: Мені өсекқұмарлықтарыңмен қайран қалдырасыңдар

Аша Матай: Ырымымызға сай сәбиіміздің есімін алдын ала атамайтын болдық

Арман Қоңырбаев Ашаның қызғанышын оятып алам ба деп қорқады

Интернетті “жарған” балақайлар Арманның алдында Ашаны ыңғайыссыз жағдайға қалдырды

Талқылау