Көп балалы анаға жергілікті әкімшілік емес, діндарлар екі бөлмелі контейнер сыйлады

Сейсенбі, 31 Мамыр , 2016 22:19

Күні кеше балаларымен көшеде түнеп жүрген Әсемгүл Жақыпова 31 арнаға алғыс айтып хабарласқан.  Бірақ әзірге, көпбалалы анаға  жергілікті әкімшілік емес, дін өкілдері көмек қолын созып, екі бөлмелі контейнер сыйлапты.

dala

 

Бұл туралы “31 арна” хабарлайды.

Жеті баласына небәрі 13 мың теңге алатын көпбалалы ана далада өмір сүргеннен гөрі, темірден қоныс тапқандарына қуанады. Контейнер демесеңіз, іші қапталып, электр қуаты да тартылған. Тек жылу мен суын қосуға мүмкіншілік болмай отыр. Ал үш аптадан бері далада күнелткен отбасы жиһаздарын ішке кіргізуге кірісті.

Контейнердің бір бөлмесінде ас ішіп, екіншісінен жатын бөлме жасаймыз дейді. Мешіт жамағаты  контейнерді  Рамазан айына орай сыйлапты. Мұнда Алтын алқа иегері Әсемгүл Жақыпова жеті бердей баласымен пәтер мәселесі шешілмейінше тұра бермек.

“Үкімет көмектеспесе де, көмектесіп жатқан халыққа, қол ұштарын созып көмектесіп жатқан каналдарға да рахметімді айтамын. Осы халықтың арқасы екенін жаңа түсініп жатырмын”, – дейді “Алтын алқа” иегері Әсемгүл Жақыпова.


Жіберіп алмаңыз:

Қарағандылық көпбалалы ана тастанды сәбилерді асырап алмақ

Атырауда кедейліктен зардап шеккен көпбалалы ана балаларын интернатқа тапсырды

23 жасар қызылордалық еліміздегі ең жас көпбалалы ана атанды

Семейде кәсіпкер көпбалалы анаға пәтер сыйлады

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар