Атырауда кедейліктен зардап шеккен көпбалалы ана балаларын интернатқа тапсырды

Сәрсенбі, 20 Сәуір , 2016 10:18

Алты баласын асырай алмаған ана ақыры олардың үшеуін интернатқа төткізуге мәжбүр болған.

лорп

Бұл туралы Евразия арнасы хабарлайды.

Күйеуі қайтыс болғаннан кейін Сандуғаш 6 баламен бір өзі қалады. Тек кондуктор болып жан баққан ол дұрыс жұмысқа да тұра алмаған. Алты бірдей баланы асырап жеткізу қиынға соққандықтан, ол үш баласын интернатқа беруге шешім қабылдаған.

“Біздің өз үйіміз болмағандықтан маған осында оқып, өмір сүруге тура келеді. Егер үйім болса, бұл жерде қалмас едім. Анамның қасында болғым келеді”, – дейді ұлы Бекбол Жақсыбаев.

Жағдайы жақсарып, мүмкіндік пайда болса Сандуғаш балаларын қасына алмақ. Әзірге ол қалған балаларымен әбден әрі тайған тоқал тамда тұрып жатыр.

“Жалғыз басты көп балалы анамын. Бұл пәтерді де жалдап отырмын. Менде балаларымды тамақтандыратын мүмкіндік болмағандықтан интернатқа бердім. Жағдайымыз өте қиын. Алған жәрдемақымның жартысы пәтерді төлеуге жұмсалады. Киім алуға да жетпейді”, – дейді Сандуғаш.

Әйел өзі қаншама рет тығырықтан шығуға тырысып көргенімен, бәрібір жолы болмаған. Енді ол жомарт жандардан көмек сұрайды. Көпбалалы ана ретінде де үй кезегіне тұрған. Қазір ол 1982-ші болып тіркеліп тұр. Қазір тек балаларымның болашағы, солар үшін өмір сүріп жүрмін дейді Сандуғаш. Егер Сандуғашқа көмек қолын созамын дейтін жандар болса, мына 8 702 31 11 906 байланыс нөміріне хабарласа алады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

10
Комментариев
  • Анонимно says:

    Атырауда жумыс коп сондайлага киру керек бреудин акшасына карамай менде тап осы ана сиакты балдарымды жалгыз озим багып отырм

  • Досат says:

    Акшалы Атыраудагы мунайлы олкедеги Агалар комектеринди тигизиншейш осындай жан уяга. мына 8 702 31 11 906 байланыс нөміріне. Кейбир Акшала Агаларымыз бесинши кун мешитке емес, бар, ресторан, кабактарга барып журсиндерго, бир бесинши куннин кыдыратын акшасын берсенизши осы апамызга. мына 8 702 31 11 906 байланыс нөміріне

  • Анонимно says:

    Ана деген алтынго кайтсин енди, балаларын кимге берерин билмей отырго. Осыны корип отырган агаларымыз кайда. Адамнан кайтпасада алладан кайтады сауаптарын кол ушин неге бермеске. Аллата тагала колдасын тек сизди. Онын касында балаларын асырамак тугул тастап кетип жаткан жокпа.

  • Анонимно says:

    Сандугаштын осы озинин телефоныма

  • Анонимно says:

    Докей агалар акшаларынды казино, кыздар,арак шарапка жумсаганша комектессениздерши.сауапты тым болмаганда солай жинандар.

  • Анонимно says:

    тегин туруга уй берем алыс емес жерде мектеп интернат бар 87014385851 шарбагында жемис жидек мол осип тур жазда егин егип жаздыгын жеп кыстыгын жауып алуга болады жайктын жагасы 1.2 ешки койын асыраса балаларына ак та болады

    • Анонимно says:

      Сандугашка комек берем деп отырган жомарт жан екен

    • Анонимно says:

      Ай азамат. Қол ұшын созып отырғаныңызға

  • Анонимно says:

    Олимпиада чемпиондарга бергенше осыларға берсе

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар