Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде кәсіпкер көпбалалы анаға пәтер сыйлады

Семейде 70 шаршы метр тұратын 2 бөлмелі пәтерді 6 баланың анасы Мейрамгүл  Абдувалиеваға белгілі меценат, кәсіпкер Марат Құрмамбаев сыйлады.

7

Көпбалалы анаға жаңа 128 пәтерлі үйдің кілтін Тұңғыш Президент күнінде  «Ақшын» корпорациясының басшысы Марат Құрмамбаев табыстады деп хабарлайды КазИнформ.

«Біз ауданнан қалаға көшіп келгенбіз. Ол кезде басымызда баспана болған жоқ. Осы күнге дейін жалдамалы пәтерде тұрдық. Содан күзде облыс әкімінің қабылдауына барып, көмек сұрадым”, – дейді Мейрамгүл Абдувалиева.

Айтуынша, әкім бұл міселені шешуге тапсырған. Сол әкімнің өтінішіне кәсіпкер, белгілі меценат Марат Серікжанұлы Құрманбаев көмектеспекші болған.

“Аллаға шүкір, міне, біз бүгін жаңа пәтерге кірдік. Мұндай болады деп түсімізге де кірмеген”, – дейді  Мейрамгүл Абдувалиева.

Негізі кәсіпкер Марат  Құрманбаев бұл жанұяға көмектесуі бірінші рет емес екен. Бұған дейін де балаларды мектеп киімімен қамтамас еткен.

 

Талқылау