Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Концерт пен КВН ұйымдастырады": Танымал вайнер Мейіржан Төребаевтың жағдайын әйелі баяндап берді

Танымал актер, блогер Мейіржан Төребаевтың теміртордағы өмірінің қалай өтіп жатқанын әйелі Дана Есеева айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/dana_yesseyeva/

Әзілкештің әйелі де белгілі блогер. Ол оқырмандарымен жиі сырласып, күйеуінің өмірінен сыр шертіп отырады. 

“Қысқаша айтсам: Биыл ақпанға дейін ол тергеу изоляторында болды. Қазір елді мекендер колониясы, Павлодар қаласына көшірілді. Күндіз жұмыс істейді, кешке бөлімге оралады. 5 жылдың 3 жылын өтеді. Концерттер, КВН ұйымдастырады. Спорттық жарыстарға қатысады. Жеңеді. Көп оқиды. Жазбалар жазады. Оның денсаулығы жақсы", – деп жазды ол.



Айта кетейік, осыған дейін сотталушының қай жерде жазасын өтеп жүргені белгілі болған еді. 

Мейіржан Төребаев "№44 мекеме" РММ-де жазасын өтеп жүр. 13 наурыздан бастап ол ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің "Еңбек" ШЖҚ РМК "Еңбек-Павлодар" филиалында жұмысқа орналасқан. 

Мейірхан Шерниязов та "№44 мекемеде" жазасын өтеп жатыр. 13 наурыздан бастап ІІМ ҚАЖК ведомстволық қызметінде "Еңбек-Павлодар" РММ-де жұмысқа орналасқан.

“Павлодар облысы бойынша ҚАЖД "Еңбек-Павлодар" РММ сотталғандарды жұмыспен қамтумен және тамақтандыруды ұйымдастырумен айналысады", – делінген ведомство хабарламасында. 

Талқылау