Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танысына несиеге бағалы зат алып бергендер қарызын қалай қайтара алады – Заңгер кеңесі

Жас жігіт қыздың сеніміне кіріп, атына несиеге қымбат ұялы телефон алғызған. Көп ұзамай екеуі ажырасып, жігіт несиені жабудан бас тартқан. Мұндай жағдайда не істеу керек екенін заңгер маман түсіндіріп берді.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден

Жақын таныстықтан кейін қыздың сеніміне кіріп бағалы телефон алғызған жігіт уақыт өте келе аралары суыған соң, банк қарызын өтеуден бас тартқан.

"Мұндай жағдайда полицияға арыз жазуға болады. Полицейлер мұны құқықбұзушылық деп есептесе, іс қозғап, мәселе шешіледі. Олай болмаса, телефонды қайтаруды талап етуіңізге болады. Өйткені ол сіз сатып алған телефон (егер сыйлық болмаса). Немесе телефонды сот арқылы қайтаруды талап етіңіз. Егер ол жоғалса немесе бүлінсе, оның құнын өтеуді талап етуге болады. Сондай-ақ несие бойынша төленген ақшаны қайтару туралы талаппен сотқа жүгіне аласыз (алдымен оны толық өтеу керек, содан кейін осы талапты беру керек). Алайда бұл жағдайда ер адамның бастапқыда бұл несиені өзі төлеуге міндеттеніп, кейін уәделерінен бас тартқанын дәлелдеу керек", – деп жауап берді LEGALMAN заң кеңесшілері палатасының мүшесі Алена Дуля.

Бұған дейін 19 жастағы алматылық қызды бұрынғы жігіті зорлағанын, артынша миллиондап қарызға батырғанын хабарлаған едік. 

Талқылау