Комада жатқан бойжеткен аппаратты өшіретін кезде оянған

Жұма, 30 Қыркүйек , 2016 14:08

22 жастағы студент қыз ауыр жол апатына түсіп, ауруханаға жеткізіледі. Ауруханада 6 сағат бойы ота жасалып, артынша комаға түскені анықталады. Бойжеткеннің зақымданбаған жері жоқ. Мойын тұсында 4 сүйегі сынып, есту қабілетінін айырылған. Мұнымен қатар, миының көп бөлігіне зақым келген. Дәрігерлер оны қайта тірілмейді деп ойлап, тіршілікпен қамтамасыз ету құрылғысын өшірмек болады. Алайда дәл осы сәтте бойжеткен бас бармағын қозғалтып, өмірге қайта оралғанын сездіреді.

новый коллаж

Фото: SWNS.com

Бұл туралы dailymail.co.uk басылымы хабарлайды.

Сэм Хемминг көлікпен үйге қайтып келе жатып жол апатына түседі. Осы сәтте қасында жігіті бар болатын. Апат салдарынан Сэмнің бас миы жарақаттанып, мойын тұсындағы төрт сүйегі сынады. Сол құлағына да зақым келіп, есту қабілетінен айырылады. Бірден ауруханаға жеткізіліп, 6 сағат бойы ота жасалады. Отадан кейін 22 жастағы студент қыздың комаға түскені анықталады.

Дәрігерлер оны қайта тірілмейді деп ойлап тіршілікпен қамтамасыз ету құрылғысын өшіру туралы шешім қабылдайды. Отбасы мүшелері қоштасып болып, әлгі құрылғыны өшіре берген кезде Сэм аяғының бас бармағын қозғалтады. Осылайша өзінің тірі екенін сездіріп, ажал аузынан аман қалады. Дәл қазір бойжеткен қоларбаның көмегімен еркін қозғалып, айналасындағылармен еркін сөйлесіп жүр.

image

7

Апат кезінде Сэм терезеден ұшып кеткен болатын. Ал жігіті ауыр жарақат алмаған. Бойжеткен комаға түспес бұрын дәрігерлер 6 сағат бойы ота жасаған.  “Қызым о дүниеден қайтып келгендей болып жатыр. Шын мәнінде, мұндай жол апатынан кейін оның тірі қалуы мүмкін емес еді. Себебі, оның зақымданбаған жері жоқ. Комаға түскеніне 19 күн болғанда әлгі құрылғыны өшірмек болдық. Сол сәтте аяғының бармағы қозғалғанын көріп, айқайлап жібердім”, – дейді 44 жастағы анасы Кэрол.

25895475

10

Бірнеше күн бұрын оған трахеотомия салынып, тіршілікпен қамтамасыз ету құрылғысы өшірілді. Ол өздігінен тыныс алатындай дәрежеге жетті. Небәрі 8 аптаның ішінде қайта қалпына келіп, Херефортердегі үйіне оралды. Дәл қазір 44 жастағы анасы Кэрол мен 43 жастағы әкесі Джейсонмен бірге тұрып жатыр.

13

14

Миының аман қалған бөлігінің арқасында Сэм өздігінен қозғалып, қайта сөйлей бастаған. Ал 21 жастағы жігіті Том Кертис апат кезінде ауыр жарақат алмаған. Оның жағдайы толықтай жақсы. Сэмнің өмірі үшін университеттік аурухананың хирургтері күрескен-ді. Олар осы уақытқа дейін бойжеткенге 3 рет ота жасаған. Мұнымен қатар, қолына пластик салған.

6

8

“Дәрігерлер емделушіге әдетте үш мүмкіндік береді. Яғни өздігінен тыныс алатындай дәрежеге жетсе, құрылғы өшіріледі. Сэм бұл үш мүмкіндікті пайдалана алмады. Енді өшіретін кезде аяғының бармағын қозғалтты. Осы сәтте барлығы қатты таң қалды. Осы күнге дейін бұлай көп жылаған емеспін. Бауыр еті балаңның өлім аузында жатқанын көру оңай емес екен”, – дейді бойжеткеннің анасы.

11

3

Кэролдың Сэмнен бөлек 3 баласы бар. Олар – 24 жастағы Тим, 15 жастағы Клум және 14 жастағы Никита. Анасы Сэмге қарайлау үшін толық жұмыс күнінен бас тартқан.  Сэм жол апатына түспес бұрын қорғаушы болуды армандаған екен. Ол әлі де осы мақсатын жүзеге асыруды ойлап жүр. Болашақта жақсы қорғаушы болсам дейді.

новый коллаж

“Апатқа дейін болған дүниелердің барлығы есімде. Соңғы рет үйге қайтып келе жатқанымызды білемін. Кейде комада жатқан кезімде түсірілген суреттерге қарап отырамын. Суреттегі адам мен емес сияқтымын. Ал бармағымның өмірімді құтқарып қалғаны туралы не айтарымды да білмеймін. Ажал аузынан аман алып қалған дәрігер мамандарға айтар алғысым шексіз. Қазір өздігімнен ақырындап қозғала аламын. Сөйлеуді де қайта үйреніп жатырмын. Жол апатына дейін қорғаушы болуды армандаған едім. Әлі де мақсаттарым өзгерген жоқ”, – дейді Сэм.


Жіберіп алмаңыз:

Парапланерист 400 метр биіктіктен құлап аман қалды

Екібастұзда 4 жасар бала 8-қабаттан құлап аман қалды

Жәнібек Оспанов 4 жылдан бері өзгенің жүрегімен өмір сүруде (фото)

Атыраулық жігіт жұмыс істеп тапқан 2 миллион долларын рак ауруын зерттеуге берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар